Балалар кітапханасы
Алматы қаласы №155 ЖББ КММ күзгі каникул кезінде 2"Ә"сынып оқушылары «Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітапханаға барды. Оқушылар түрлі қызықты кітаптармен танысып, өздеріне ұнаған шығармаларды таңдап, кітап оқу мәдениеті туралы көптеген мағлұмат алды.Мұндай шаралар балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтеді және білімге деген ынтасын нығайтады.