Күзгі каникул кезінде 9 «Г» сынып оқушылары Ботаникалық баққа барды
Алматы қаласы КГУ «№155 ЖББ КММ» базасында күзгі каникул кезінде 9 «Г» сынып оқушылары Ботаникалық баққа барды. Оқушылар өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігімен танысып, сирек және қорғалатын өсімдік түрлері туралы көптеген жаңа мағлұмат алды, сондай-ақ таза ауадағы серуеннен ләззат алды.Мұндай іс-шаралар оқушылардың экологиялық тәрбиесін арттыруға, дүниетанымын кеңейтуге және достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.