"ФАРИЗА, ФАРИЗАЖАН, ФАРИЗА ҚЫЗ..." әндер байқауының ережесі » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ФАРИЗА, ФАРИЗАЖАН, ФАРИЗА ҚЫЗ..." әндер байқауының ережесі
17
қаңтар
2023

"ФАРИЗА, ФАРИЗАЖАН, ФАРИЗА ҚЫЗ..." әндер байқауының ережесі

"ФАРИЗА, ФАРИЗАЖАН, ФАРИЗА ҚЫЗ..."
атты балалар мен жасөспірімдерге арналған
Республикалық Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауының ережесі

«Мереке» балалар мен жасөспірімдер өнер орталығы 2023 жылы ақпан айының 12 күні «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...» атты Республикалық Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауын ұйымдастырады.
Байқау оффлайн форматта Алматы қаласы, Манас көшесі 13, П.И. Чайковский
атындағы Алматы музыкалық колледжінің концерт залында өтеді.

СЫЙЛЫҚТАР:
Бас жүлдеге – кубок, диплом және медаль.
Орын алған өнерпазға – медаль, диплом.
Би топтарына, ансамбль, басқада топ құрамының әрқайсына – медаль, диплом беріледі.
Топ құрамында 10 бала немесе 10 баладан асса кубок беріледі.
Жетекші-ұстаздарға – «Құрмет грамотасы» беріледі.

ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ:
Жеке қатысушыға – 10 000 тг.
Құрамы 2-9 адамнан басталған топ мүшелерінің әрқайсынан – 5 000 тг.
Құрамы 10 адамнан басталған топ мүшелерінің әрқайсынан – 4000 тг.
Жатар орын, тамақтану, келіп-кету шығыны өзіңізден.
Балалардың қауіпсіздігіне ата-анасы немесе бірге келген жетекшісі жауапты.

РЕКВИЗИТТЕР:
КАSPI БАНК (ГОЛД) +7 707 818 75 14 телефон нөміріне тіркеулі. Кульбадан С деп шығады.
ӨТІНІШ БЕРУ ҮШІН:
1.Өтінішті үлгі бойынша толтырасыз.
2.Байқауға қатысу жарнасын алдын ала төлеп, чек-квитанциясын скрин жасап немесе фотоға түсіресіз.
3.Өтініш пен чекті бірге +8 777 492 44 05 ватсап нөмеріне ақпан айының 10 дейін жібересіз.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
+ 8 777 492 44 05 WhatsApp
Ақпарат телефоны +7 708 609 59 77; 8 701 755 59 35
Электронды почта Merekeort@mail.ru
ӨТЕТІН УАҚЫТЫ МЕН КҮНІ:
12 ақпан күні Алматы қаласы Абай көшесі Манас қиылысы бойында орналасқан, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің сахна залында өтеді. 12 ақпан таңғы сағат 9.00-де байқау жанрлар бойынша басталады (қосымша әр жанрдың өтетін уақыты жазылған бағдарлама бір күн бұрын ватсап түрде таратылады)
12 ақпан күні кешкі сағат 18.00-де салтанатты марапаттау сәті. (уақыты өзгеруі мүмкін)

Өтініш толтыру кестесі. (үлгі)
Толық әрі сауатты толтырыңыз. Қате қайта түзетілмейді.
Қатысушының аты-жөні толығымен Есенкелді Нұркелді Бақытжанұлы
Толық жасы 9 жас
Қатысушының мекен-жайы, мектебі: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Батыр ауылы
Қатысатын жанры «Аспапта ойнау» жанры
Шығарманың атауы (авторы) «Адай». авторы: Құрманғазы.
Жетекшінің аты-жөні және телефон нөмірлері:(үй телефоны жарамайды,ұялы телефон нөмірі қажет) Серікбай Арнұр
8702 444 55 66

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ:
4 жас - 7 жас бүлдіршін топ, 8 – 10 жас кіші топ, 11 – 13 жас орта топ,
14 – 17 жас жасөспірім топ, 18-23 жас жоғарғы топтар байқауға қатысады.

БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ:
«Эстрадалық вокал» - (хор,топтық, квинтет, квартет, трио, дуэт, жеке орындауға болады)
«Хореография» - (жеке және топтық,ансамбль болып қатысуға болады)
«Аспапта ойнау» - (оркестр, ансамбль, топтық және жеке орындауға болады)
«Дәстүрлі ән» - ( топтық және жеке орындауға болады)
«Мәнерлеп оқу» - (тек жеке орындау)
«Ақындық өнер» - (тек жеке орындау)
«Қол өнері» - (жеке қатысушы болады)
«Бейнелеу» - (тек жеке қатысушы)

ШАРТТАРЫ:
"Эстрадалық вокал" жанры бойынша қатысушы бір ән орындайды. Ән Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған немесе ақынға арналған ән болуы қажет. Уақыты 3-3,5 минуттан аспауы қажет. Минусовканы өзіңізбен бірге флешкаға немесе телефонға көшіріп алып келу шарт.
"Көркем сөз" жанры бойынша ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқу керек. Уақыты – 2-2,5 мин. Кіші топ қатысушылары ақынның «Жетім монологы», «Жетімхана» сынды т.б ауыр тақырыпта жазылған өлеңдерін оқуға рұқсат етілмейді. )
«Ақындық өнер» жанры бойынша қатысушы Ф.Оңғарсыноваға арнап өз жадынан өлең шығарып келіп, сол өлеңді мәнерлеп жатқа оқу керек. Уақыты – 2-2,5 мин.
«Бейнелеу өнері» жанры бойынша байқауға қатысушы Ф.Оңғарсынованың портретін немесе ақынның өлеңдерімен байланыстырып сурет салып келу керек. Алып келген бір немесе бірнеше туындысын қалай, қандай форматта салғанын түсіндіріп қорғайды.
«Қолөнер» жанры бойынша қатысушы Ф.Оңғарсынованың бейнесін кез келген бұйыммен жасап (тоқып,желімдеп) немесе ақынның өлеңдеріне байланыстырып қолөнер бұйымдарымен туындысын жасап алып келу керек. Алып келген бір немесе бірнеше туындысын қалай, қандай форматта жасағанын түсіндіріп қорғайды.
«Аспапта ойнау» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта кез келген аспапта бір шығарма орындауды.
«Дәстүрлі ән» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта немесе ақынның сөзіне жазылған әндерден бір әнді домбыраның сүйемелдеуімен жанды дауыста орындайды.
«Хореография» жанры бойынша қатысушы қазақтың ұлттық немесе еркін тақырыпта бір биін орындайды.
БАҒАЛАУ.
Қатысушылардың орны балл бойынша есептеледі. Әділқазылардың қойған бағасы мен қатысушыға берілген орын қайта қарауға жатпайды. Әділқазылар шешімі нақты әрі өзгеріссіз. Байқау барысында шу шығарған жетекші немесе ата-ана қатысушымен бірге байқаудан шектетіледі.
Әділқазылар алқасының құрамында білікті мамандар, өнер және мәдениет қайраткерлері болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: