Ақпараттық хат » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ақпан
2024

Ақпараттық хат

Ақпараттық хат
Құрметті ЖОО, колледж оқытушылары, мектеп
мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
«№166 ЛИЦЕЙ» КММ «№155 ЖАЛПЫ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ

«ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ФАКТОРЫ –
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ» тақырыбындағы
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады

Өтетін уақыты: 2024 жыл, 26-27 НАУРЫЗ
Конференцияның мақсаты:
Оқушылардың білім сапасын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы ретінде оқу үдерісіне жаңа білім беру технологияларын енгізу.

Конференцияны өткізу тілдері: орыс, қазақ, ағылшын
Конференция өтетін орын: Алматы қаласы «№166 Лицей» КММ
Мекен - жайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 5 Горняцкая к\сі
Конференцияны өткізу нысаны : офлайн/онлайн
Конференцияның негізгі бағыттары мен мәселелері:
1-бөлім Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы заманауи мұғалімдердің құзыреттілігін дамыту.
2-бөлім Оқытудағы ақпараттық технологиялар мен цифрлық білім берудегі заманауи үрдістер
3- бөлім Заманауи сабақтарда – геймификацияны қолдану.
4- бөлім Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші жұмысының маңыздылығы


Конференцияға қатысу шарттары
Конференция жұмысына қатысуға өтінім беру, жарияланым материалдары, сондай-ақ ұйымдастыру жарнасының төленгені туралы көшірме email ұйымдастыру комитетінің мекенжайына жіберілуі тиіс: al_fml166@mail.ru елгіленген нысан бойынша
2024 жылдың 03 наурызынан кешіктірмей, конференцияға қатысу құны 7000 теңге (жинақ+қатысушы сертификаты), төлемді Каспий голд арқылы жүргізуге болады. +7 (705) 614 54 69 Гулжанар К.
Мақаланы жіберген кезде өз аты-жөніңізді (бөліміңізді) көрсету керек.

Жарияланымға қойылатын талаптар
Тезистің көлемі 1-2 бет, жарияланым мәтіні TimesNewRoman шрифтімен терілуі керек, интервал – 1.0, кегль – 12, жиектері А4 форматындағы стандартты қағазға бекітіледі: сол жағы – 3см, оң жағы – 2см, жоғарғы жағы – 2см, төменгі жағы – 2см.
Ортасында кіші әріптермен қалың қаріппен басылымның атауы көрестілуі керек, төменнен бір жол қалдырып, автордың аты-жөні (толық) жазылуы керек; төменнен бір жолдан кейін-жұмыс орны, автордың лауазымы, мекеменің толық атауы, қала атауы көрсетілуі керек.
Сілтемелер тезистің немесе мақаланың соңында нөмірленген (төртбұрышты жақшада) көрсетілуі тиіс. Мәтіннің соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі жазылуы тиіс.
Мәтін стилистикалық және техникалық түрде өңделуі керек. Ұйымдастыру комитетіне көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен еңбектер қаралмайды және жарияланбайды.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 5 Горняцкая к\сі
Байланыс телефондары:
жұмыс телефоны +7 (727) 3 01 78 71,
ұялы телефон номері +7 (705) 614 54 69 Кудабаева Гулжанар Сериковна

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КОД ҰҒЫМЫ
Сыздыкова Гульнар Жумановна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласы
"№166 Лицей" КММ
Мақала мәтіні ______________________________________________________________

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
2.
3.

Қосымша №1

ӨТІНІМ БЕРУ НЫСАНЫ
«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЗАМАНАУИ ҚОҒАМ АДАМ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ РЕСУРСЫ»

№ Қатысушының аты-жөні Жұмыс орны, лауазымы Секция (бөлім) атауы Мақаланың атауы Электронды поштасы Ұялы телефоны Ұйымдастыру жарнасының төлем көшірмесі
(скриншот)
1
2



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: