Пояснительная к ТУПу 2022-2023 » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
тамыз
2022

Пояснительная к ТУПу 2022-2023

«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»
Алматы қаласы Білім басқармасы № ----------------КММ
басшысының орынбасары директоры

________________ ________________
«____»____________2022 жыл «___»_________2022 жыл








Алматы қаласы Білім басқармасының
« _____________» КММ
2022-2023 оқу жылына арналған
ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫ


















_________________АББ басшысы
_______________________ аты-жөні

«_____»______________2022 жыл








Алматы, 2022 жыл

«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН» Алматы қаласы Білім басқармасы № ----------------КММ
басшысының орынбасары директоры

________________ ______________
«___»____________2022 ж. «___»____________2022 ж.




№ ----- КММ-нің
2022-2023 оқу жылына арналған
жұмыс оқу жоспарына
түсініктеме хат


Жалпы білім беретін мектептің, мектеп-гимназияның, мектепке дейінгі даярлық сыныптарына арналған жұмыс оқу жоспары төмендегі құжаттар негізінде әзірленді:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;
- «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары;
- «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары;
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы.
Санитарлық ережелер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» (ҚР ӘМ 06.08.2021 ж №23890 болып тіркелген).

Жалпы білім беретін мектептің, гимназияның, мектеп-гимназияның 1-4-сыныптарына арналған жұмыс оқу жоспары төмендегі құжаттар негізінде әзірленді:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен);
- «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы.
Санитарлық ережелер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» (ҚР ӘМ 06.08.2021 ж №23890 болып тіркелген).


Жалпы білім беретін мектептің, гимназияның, мектеп-гимназияның, лицейдің, мектеп-лицейдің 5-9-сыныптарына арналған жұмыс оқу жоспары төмендегі құжаттар негізінде әзірленді:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 3-қосымшаға сәйкес «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасында негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен);
- «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы.
Санитарлық ережелер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 76 бұйрығымен «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» (ҚР ӘМ 06.08.2021 ж №23890 болып тіркелген).


Жалпы білім беретін мектептің, гимназияның, мектеп-гимназияның, лицейдің, мектеп-лицейдің 10-11-сыныптарына арналған жұмыс оқу жоспары төмендегі құжаттар негізінде әзірленді:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 4-қосымшаға сәйкес «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен);
- «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы.
Санитарлық ережелер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» (ҚР ӘМ 06.08.2021 ж №23890 болып тіркелген).

Ескерту
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығының 92 т. сәйкес гимназия (1-11-сыныптар) мен лицейлерге (5-11-сыныптар) білім алушылардың таңдауы бойынша факультативтерге және қосымша курстар ұйымдастыруға әр сыныпқа 4 сағат есеппен, сондай-ақ әр сыныпқа үйiрмелер мен студиялар, ғылыми қоғамдар және т.б. ұйымдастыру үшiн мұғалімдерге 0,25 ставкада, сондай-ақ шарт негiзiнде жоғары білікті мамандарға жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін мектепке жылына 1500 сағат есебiне қаражат бөлiнедi. Факультативтік сабақтар және таңдау бойынша курстар топтарда 10-нан астам адам болған жағдайда өткізіледі.

Жұмыс оқу жоспарын құрастыруда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылдың 12 тамызындағы «Орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығы мен демалыс кезеңдерін айқындау туралы» № 363 бұйрығының жүзеге асырылуы сақталуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген барлық деңгейде білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес:
- 1-4-сыныптарда «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының міндетті түрде оқытылуы қамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұны «Дүниетану» пәні аясында жүзеге асырылады; жылдық оқу жүктемесі 1-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады;
- «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырады.
- 5-8-сыныптарда сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі, сынып журналының жеке бетінде сабақтың тақырыбы мен сабақтың өткізілген күні көрсетіліп жазылады;
- «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі.

Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 1-сыныптарына мынадай өзгерістер енгізілді:
- «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады;
- «Шетел тілі» және «Орыс тілі» пәндері оқытылмайды.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 1-сыныпқа арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:
- «Қазақ тілі», «Букварь» және «Обучение грамоте» пәндері оқытылады;
- «Шет тілі» пәні алынып тасталды.

Оқыту ұйғыр тілінде жүргізілетін 1-сыныпқа арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:
- «Қазақ тілі», «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады;
- «Орыс тілі» және «Шет тілі» пәндері алынып тасталды;

«Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері».

1-4-сыныптарда оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттарын математикалық сауаттылықты, математикалық сөйлеуді дамытуға бағытталған «Математика» пәнін оқуға, сондай-ақ шахмат пен домбырада ойнау сабақтарына бөлу ұсынылады.
Шахмат ойнау логикалық ойлауды дамытады және маңызды жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

5-9-сыныптарда вариативтік компонент сағаттары «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді. Домбырада ойнау дағдыларын қалыптастыру білім алушылардың эстетикалық және көркем мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Музыка сабағында домбырада ойнауды үйренуді жалғастыру қажет. Қазақ тілінде оқытатын қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша вариативті компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі жалпы орта білім беру деңгейін құрайды:
10 сыныпта - 5 сағат;
11 сыныпта - 5 сағат.
Оның ішінде 1 сағат «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді. Оқу жоспарының вариативтік компонентіндегі басқа сағаттарды инварианттік компоненттегі пәндерді оқытуға бөлу ұсынылады.
Орыс тілінде оқытатын қоғамдық-гуманитарлық бағыт және қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша вариативті компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі жалпы орта білім беру деңгейін құрайды:
10 сыныпта - 1 сағат;
11 сыныпта - 1 сағат.
Сағаттар «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді.

Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес (ҚР БҒМ 2020 жылғы 21 сәуірдегі №154 бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АӘТД) пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
- 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған;
- 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ------------------











_________________АББ басшысы
_______________________ аты-жөні

«_____»______________2022 жыл

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: