«Тәуелсіздік-жыр,әнім» Республикалық жас өнерпаздар арасындағы өнер байқауының ережесі (оффлайн) » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тәуелсіздік-жыр,әнім» Республикалық жас өнерпаздар арасындағы өнер байқауының ережесі (оффлайн)
28
қараша
2022

«Тәуелсіздік-жыр,әнім» Республикалық жас өнерпаздар арасындағы өнер байқауының ережесі (оффлайн)

«Тәуелсіздік-жыр,әнім»
Республикалық жас өнерпаздар арасындағы өнер байқауының ережесі (оффлайн)

«Мұрагер» шығармашылық орталығы Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы аясында өтетін Республикалық «Тәуелсіздік-жыр,әнім» атты жас өнерпаздар арасындағы өнер байқауын ұйымдастырады. Байқау оффлайн форматта Алматы қаласы, Абай көшесі Манас қиылысы бойында орналасқан П.И.Чайковский концерт залында өтеді.

СЫЙЛЫҚТАР:
Бас жүлдеге – кубок, диплом және жаңа жылдық сыйлық
Орын алған өнерпазға – ерекше дизайндағы медаль, диплом және жаңа жылдық сыйлықтар.
Би топтарына, ансамбль, басқада топ құрамының әрқайсына – медаль, диплом беріледі. Топқа жаңа жылдық сыйлық беріледі.
Жетекші-ұстаздарға – «Құрмет грамотасы» беріледі.

ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ:
Жеке қатысушыға – 10 000 тг.
Бір мекемеден он адамнан артық қатысса – 8000 тг.
Топ болып қатысса, топ мүшелерінің әрқайсынан – 4000 тг.
Жатар орын, тамақтану, келіп-кету шығыны өзіңізден.
Балалардың қауіпсіздігіне ата-анасы немесе бірге келген жетекшісі жауапты.

РЕКВИЗИТТЕР:
КАSPI БАНК (ГОЛД) +7 705 432 20 69 телефон нөміріне тіркеулі. Қалабай А деп шығады. Карта нөмірі – 4400 4301 9134 8926

ӨТІНІШ БЕРУ ҮШІН:
1.Өтінішті үлгі бойынша толтырасыз.
2.Байқауға қатысу жарнасын алдын ала төлеп, чек-квитанциясын скрин жасап немесе фотоға түсіресіз.
3.Өтініш пен чекті бірге +7 775 708 75 95 вотсап нөмеріне желтоқсан айының 12-не дейін жібересіз.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
+7 775 708 75 95 WhatsApp
Ақпарат телефоны +7 708 609 59 77 Гульбадан
ӨТЕТІН УАҚЫТЫ МЕН КҮНІ:
16 желтоқсан күні Алматы қаласы Абай көшесі Манас қиылысы бойында орналасқан, П И Чайковский сахна залында өтеді. 16 желтоқсан таңғы сағат 9.00-де байқау жанрлар бойынша басталады (қосымша әр жанрдың өтетін уақыты жазылған бағдарлама бір күн бұрын вотсап түрде таратылады)
16 желтоқсан күні кешкі сағат 19.00-де салтанатты марапаттау сәті. (уақыты өзгеруі мүмкін)

Өтініш толтыру кестесі. (үлгі)
Толық әрі сауатты толтырыңыз. Қате қайта түзетілмейді.
Қатысушының аты-жөні толығымен Есенкелді Нұркелді Бақытжанұлы
Толық жасы 9 жас
Қатысушының мекен-жайы, мектебі: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Батыр ауылы
Қатысатын жанры «Аспапта ойнау» жанры
Шығарманың атауы (авторы) «Адай». авторы: Құрманғазы.
Жетекшінің аты-жөні және телефон нөмірлері:(үй телефоны жарамайды,ұялы телефон нөмірі қажет) Серікбай Арнұр
8702 444 55 66

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ:
4 жас - 7 жас бүлдіршін топ, 8 – 10 жас кіші топ, 11 – 13 жас орта топ,
14 – 17 жас жасөспірім топ, 18-23 жас жоғарғы топтар байқауға қатысады.

БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ:
«Эстрадалық вокал» - (хор,топтық, квинтет, квартет, трио, дуэт, жеке орындауға болады)
«Хореография» - (жеке және топтық,ансамбль болып қатысуға болады)
«Аспапта ойнау» - (оркестр, ансамбль, топтық және жеке орындауға болады)
«Дәстүрлі ән» - ( топтық және жеке орындауға болады)
«Мәнерлеп оқу» - (тек жеке орындау)
«Қол өнері» - (жеке қатысушы болады)
«Бейнелеу» - (тек жеке қатысушы)

ШАРТТАРЫ:
«ЭСТРАДАЛЫҚ ВОКАЛ»жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта кез келген композитордың бір әнін жанды дауыста орындауы қажет. Арнайы минусовканың сүйемелдеуімен орындалады. Уақыты – 3-4 мин. Минусовканы өзіңізбен бірге флешкаға немесе телефонға көшіріп алып келу шарт.
«ХОРЕОГРАФИЯ»жанры бойынша қатысушы (лар) еркін тақырыпта кез келген бір би түрін орындайды. Уақыты – 3-4 мин. Музыканы флешкаға немесе телефонға көшіріп алып келу керек.
«АСПАПТА ОЙНАУ»жанры бойынша қатысушы(лар) еркін тақырыпта кез келген бір музыкалық шығарманы орындауы шарт. Уақыты -3 мин.
«ДӘСТҮРЛІ ӘН»жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта кез келген халық әнін, терме немесе халық композиторларының әнін бір әнді өзі домбыраның сүйемелдеуімен жанды дауыста орындауы шарт. Уақыты -3 мин.
«МӘНЕРЛЕП ОҚУ»жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта кез келген автордың бір өлеңін жанды дауыста жатқа мәнерлеп оқуы шарт. Уақыты – 2 мин. Фондық музыка қоюға болады. Музыканы флешкаға немесе телефонға көшіріп алып келу керек. Орыс тілінде өлең оқуға болады.
«ҚОЛ ӨНЕРІ» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта кез келген бір немесе бір неше жұмыс алып келеді. Жұмыстың материалына, көлеміне шектеу жоқ. Қатысушы өз жұмысын әділ қазыларға қысқа нұсқа қалай жасалғанын түсіндіреді.
«БЕЙНЕЛЕУ»жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта бір сурет салып өзімен бірге алып келеді. Суреттің форматына,көлеміне, бояу құралына шектеу жоқ.


БАҒАЛАУ.
Қатысушылардың орыны балл бойынша есептеледі. Әділқазылардың қойған бағасы мен қатысушыға берілген орын қайта қарауға жатпайды. Әділқазылар шешімі нақты әрі өзгеріссіз. Байқау барысында шу шығарған жетекші немесе ата-ана қатысушымен бірге байқаудан шектетіледі.
Әділқазылар алқасының құрамында білікті мамандар, өнер және мәдениет қайраткерлері болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: