Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИКТАНТ
08
қазан
2025

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИКТАНТ

Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік
орталығы Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы
қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті хаты негізінде, 2025
жылдың 10-20 қазан аралығында https://amlacademy.kz/finiq платформасында
қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант өткізілетіндігін
хабарлайды.
Диктант күрделілік деңгейі бойынша (оқушылар, ересектер, қаржылық
мониторинг субъектілерінің қызметкерлері) бөлінген сұрақтармен онлайн-тестілеу
форматында өтеді.
Қатысушылардың ең көп санын тарту үшін әр өңірде алғашқы он
жеңімпазды марапаттау көзделген (онлайн форматта).
Аталған іс-шара, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі, «Қазақстан Халық
банкі» АҚ өңірлік филиалдарымен және «Аманат» партиясының филиалдарымен
бірлесе ұйымдастырылады.
Жоғарыда айтылғанға сәйкес, Сіздерден аталған республикалық диктантқа
орта білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары, мектеп мұғалімдерінің
аталған шараға белсенді қатысуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: