2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін өткізу жөніндегі ұсынымдамалар » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін өткізу жөніндегі ұсынымдамалар
27
қаңтар
2022

2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін өткізу жөніндегі ұсынымдамалар

2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін өткізу жөніндегі
ұсынымдамалар

1. «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуын(жалпы мектептік салтантты саптық жиында) өткізу.
2. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызына арналған «Балаға жүрек жылуы» атты тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттарын өткізу.
3. Білім мекемелерінің кітапханаларында «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармалары шығармаларының көрмесін ұйымдастыру.
4. «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында рухани әңгімелер өткізу.
5. «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью» атты мәтінді мәнерлеп оқу байқауларын ұйымдастыру.
6. «Рух қаһарманы», «Бақыт үйі» шығармашылық жобалар байқауын өткізу.
7. «Сүйіспеншілік сабағы» челенджін өткізу (құттықтау бейнероликтерін әзірлеу және эстафета жолдау).
8. «Баланы Адам қылып өсіру» тақырыбында тақырыптық ата-аналар жиналысын, рухани әңгімелер өткізу.
9. Патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық туралы жоғары сыныптар арасында дебаттар өткізу.
10. «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарының (суреттер, ашық хаттар, қолдан жасалған бұйымдар және т.б.)фестивалін, көрмелерді және эссе конкурстарын ұйымдастыру.
11. 2022 жылдың 11 ақпанында «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» атты республикалық бірыңғай өзін-өзі тану сабағын білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінде бір уақытта өткізу (Әдістемелік ұсыныстар қосымшада).
12. «Ән – көңілдің ажары» атты балалар арасында әндік фестивальдар мен конкурстар ұйымдастыру.
13. Балаларды тарта отырып, театрланған қойылымдар мен спектакльдер қою.
14. «Қайырымдылық – жер бетінде!», «Ризамын бүгінге!» атты флеш-моб өткізу.
15. «Сен де бір кірпіш дүниеге» тақырыбында балалар үйлерінде, отбасы үлгісіндегі ауылдарда, жасөспірімдер үйлерінде бұрынғы тәрбиеленушілермен кездесулер ұйымдастыру.
16. Демеушілер мен меценаттарды тарта отырып, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, емдеу мекемелеріндегі, баспанадағы, балалар үйлеріндегі балаларға сыйлықтар сыйлауда «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық акциялары мен қайырымдылық марафонын өткізу.
17. «Бәрі Сүйспеншіліктен басталады» концерттік бағдарламасын ұйымдастыру.
18. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бейнесабақтарды жергілікті және республикалық телеарналарда трансляциялау, онкүндіктің өтуі туралы БАҚ басылымдарында жариялау.
19. Барлық жоғарыда аталған іс-шаралардың өткізілгендігі туралы ақпараттарды фото және бейне материалдармен бірге күн сайын ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Facebook және Instagramәлеуметтік желілеріндегі парақшаларында орналастыру.
Ескерту:«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің күнделігін дайындау және ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына орналастыру үшін күн сайын ақпараттарды жолдайтын жауапты мамандарды тағайындау.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: