ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада
16
наурыз
2022

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада

Алматы қаласы білім бөлімі басшысының назарына
ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отырып, республика көлемінде үздік жас мамандарды анықтау және оларды қолдау мақсатында VІ Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді. Олимпиадаға колледж, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасайтын еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар қатыса алады.
Олимпиада qaztest.kz сайтында онлайн өтеді. Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиаданың өткізілетін мерзімі: 2022 жылдың 14 наурызынан 15 сәуір аралығы. Қорытындысы 18 сәуір күні жарияланады. Республика бойынша ең жоғары ұпай жинаған 30 қатысушы «Үздік жас маман» төсбелгісімен және 24-25 ұпай алған қатысушылар «Үздік жас маман» дипломымен марапатталады.

Сонымен қатар, Алаш қайраткерлерінің қызметі мен ғылымишығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында мұғалімдер арасында ІІ Республикалық «Алаш мұрасы: тұлғалар қызметі мен тәуелсіздік мұраты» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.
Олимпиада 2022 жылдың 14 наурызынан 15 сәуір аралығында өткізіледі. Қорытындысы 18 сәуір күні жарияланады. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 10 қатысушыға Б.Әбдіғалиұлының «Алашорда әскері» атты кітабы сыйға беріледі және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Алаш қайраткерлерінің қызметі мен ғылымишығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында оқушылар арасында ІІ Республикалық «Алаш мұрасы: тұлғалар қызметі мен тәуелсіздік мұраты» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді. Олимпиадаға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиада 2022 жылдың 14 наурызынан 15 сәуір аралығында өткізіледі. Қорытындысы 18 сәуір күні жарияланады. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 30 қатысушы «Қазақстан үміті» төсбелгісімен және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Озат оқушы» дипломымен марапатталады.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22, +7 775 998 83 87






Құрметпен Qaztest.kz қазақ тілді онлайн тест орталығы

Біздің сайтымыз: http://qaztest.kz

8 727 978 59 22; 8 700 978 59 22

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: