2024 жылы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу туралы » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2024 жылы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу туралы
04
сәуір
2024

2024 жылы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу туралы

№ 69 от 28.03.2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ОҚУ-АҒАРТУ
МИНИСТРЛІГІ


МИНИСТЕРСТВО
ПРОСВЕЩЕНИЯ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

____________________ № __________________

Астана қаласы город Астана



2024 жылы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу туралы


«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 4 және
6-тармақтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22711 болып тіркелген) бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2024 жылғы 15 – 26 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарында
4 және 9-сынып білім алушыларының арасында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі – ББЖМ) жүргізілсін.
2. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ББЖМ жүргізу үшін орта білім беру ұйымдарының тізбесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес орта білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттері өкілдерінің (бұдан әрі – Министрліктің уәкілетті өкілдері) тізімі бекітілсін.
3. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Талдау» АҚ)
(М. З. Аманғазы):
1) осы бұйрықта белгіленген мерзімде орта білім беру ұйымдарында ББЖМ-ны электрондық форматта өткізуді қамтамасыз етсін;
2) тестілеуге қатысатын орта білім беру ұйымдарына ББЖМ рәсімдері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
3) 2024 жылғы 13 мамырға дейін Комитетке
ББЖМ нәтижелері туралы өңірлер және білім беру ұйымдары бөлінісінде статистикалық деректерді ұсынсын;
4) 2024 жылғы 14 маусымға дейін ББЖМ қорытындылары бойынша статистикалық деректер жауаптарының талдауын және өңдеуін Комитетке ұсынсын.
4. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының басшылары ББЖМ өткізу кезіңінде мыналарды:
1) ББЖМ өткізу кезеңінде білім алушылар үшін қауіпсіз жағдайларды тиісті ұйымдастыруды;
2) ББЖМ рәсімдерін өткізуді ұйымдастыруды (білім алушылардың деректер қорын қалыптастыруды, аудиториялық қорын қалыптастыруды, тестілеу кезінде электрмен жабдықтаудың және телекоммуникациялық желі мен компьютерлік техниканың үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді, оқушыларды аудиторияға кіргізу) қамтамасыз етсін.
5. Министрліктің уәкілетті өкілдері орта білім беру ұйымдарында Қағидалардың сақталуын белгіленген тәртіпте бақылауды қамтамасыз етсін.
6. «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(бұдан әрі – Ы. Алтынсарин ҰБА») (М.А. Тыныбаева):
1) 2024 жылғы 1 тамызға дейін Комитетке ББЖМ нәтижелері туралы қысқаша талдамалық анықтаманы;
2) 2024 жылғы 25 қыркүйекке дейін Комитетке ББЖМ нәтижелері бойынша кешенді талдау мен әдістемелік ұсынымдарды ұсынсын.
7. Комитет (Е.Н. Дауенов) орта білім беру ұйымдарына «Ы. Алтынсарин ҰБА» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған әдістемелік ұсынымдарды, ББЖМ нәтижелерінің кешенді талдауын Қағидаларда белгіленген мерзімдерде жолдасын.
8. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті (М.Б. Маралбаева):
1) Техникалық талаптарға сәйкес 2024 жылғы 28 наурыздан бастап «Талдау» АҚ цифрлық платформасын орналастыру үшін ББЖМ-ға дайындық және өткізу кезеңінде серверлік виртуалды қуаттарды қамтамасыз етсін;
2) әкімші құқықтарын және интернет байланысын бере отырып, виртуалды машиналарға қол жеткізу бойынша техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
9. Уәкілетті өкілдердің іссапар шығыстары іссапарға жіберуші тараптардың өз қаражаты есебінен төленеді.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министріне (Н.В Жумадильдаева) жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев

Согласовано
26.03.2024 14:36 Егдиров Аслан Тлеукабакович
26.03.2024 14:43 Кажрахимова Самал Жомартовна
26.03.2024 14:44 Давлет Тимур Владимирович
26.03.2024 14:45 Дуйсенбаева Фариза Сансызбаевна
26.03.2024 14:47 Мелдебекова Майра Турганбаевна
26.03.2024 14:48 Дауенов Ернур Нурланович
26.03.2024 14:51 Амиржанова Батес Умирбековна
26.03.2024 20:58 Жумадильдаева Наталья Васильевна
Подписано
27.03.2024 18:35 Бейсембаев Гани Бектаевич

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: