«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасын өткізу бойынша ұсыным » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасын өткізу бойынша ұсыным
17
мамыр
2024

«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасын өткізу бойынша ұсыным

«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы
мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасын өткізу бойынша
ұсыным

25 мамыр күні облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларына (бұдан әрі – Білім басқармалары) қарасты білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу-жылының қорытындысында өткізілетін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы өткізіледі.
Мектеп бітіруші түлектер үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы 25 мамырда сағат 9.30 –да басталады.
Іс-шараны өткізу мектептің бірінші басшылығының бұйрығымен және ата-аналар комитетінің келісімімен өткізу қажет.
Мектеп бітірушілер іс-шарасы бітіруші сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ұйымдастырады.
Мектеп бітірушілер іс-шарасының құрметті қонақтары ретінде ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері, 10, 20 жылдық мектеп түлектері, ардагер ұстаздар, тиісті ауылдың немесе ауданның еңбек ардагерлері, қаланың құрметті тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдар, демеуші ұйымдардың өкілдерін қатыстыруды мектеп әкімшілігінің еркінде ұйымдастырылады.
Мектеп бітірушілер үшін салтанатты іс-шара міндетті түрде мектеп қабырғасында және алаңында өткізу міндеттеледі.
Оқу-жылының қорытындысында өткізілетін жиынның мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әр бір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу.
Әр мектеп креативті идеяларымен ерекше форматта өткізу ұсынылады. (1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі оқушылардың фотоларынан слайдшоу әзірлеп, көрсету; бір-біріне арнау жасау, тілек айту; ұстаздар мен білім ұясына алғыс айту әнін орындау, өлең оқу; ата-аналарына 11 жыл бойы алған өнер-білімдерін паш ету секілді барынша жүректен жүрекке жетер креативті идеялармен өткізу ұсынылады. Сондай-ақ, үздік оқушыларды, қоғамдық жұмыс белсенділерін марапаттау маңызды).
Су тасқыны болған өңірлерде «Мектебім, саған мың алғыс!» салтанатты іс-шарасы қашықтан өткізіледі (ZOOM арқылы).
Санитарлық режимді, сондай-ақ жеке бас гигиенасын сақтау шарттарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету, учаскелік полиция қызметкерлерін тарта отырып, барлық үй-жайларда және мектеп аумағында кезекшілікті, қауіпсіздік шараларын сақтауды және төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялауды қамтамасыз ету мектеп басшылығына міндеттеледі.
Рұқсат етілмейді
- мерекелік шараларға аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға;
- мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға;
- жалға берілетін автокөліктерді пайдалана отырып, қала бойына экскурсиялар өткізуге;
- әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға.
Салтанатты жиынды ұйымдастырушылар облыстардың, Астана Алматы, Шымкент қалаларының білім беру ұйымдары, бақылау мен басшылық жасау және іс-шараның өз дәрежесінде өтуіне жауапты Білім басқармалары болып табылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: