"ЖАПЫРАҚ - ЖҮРЕК" байқауының ережесі » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЖАПЫРАҚ - ЖҮРЕК" байқауының ережесі
14
ақпан
2023

"ЖАПЫРАҚ - ЖҮРЕК" байқауының ережесі

"ЖАПЫРАҚ - ЖҮРЕК"
Республикалық балалар мен жасөспірімдер және ұстаздарға арналған қашықтықтан (онлайн) Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауының ережесі

«Мереке» балалар мен жасөспірімдер өнер орталығы 2023жылы 6 ақпан -26 ақпан аралығында Республикалық «Жапырақ-жүрек» Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауын қашықтықтан (онлайн) балалар, жасөспірімдер және ұстаздар арасында ұйымдастырады.

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ
3 – 7 жас – бүлдіршін топ, 8 - 10 жас – кіші топ 11 - 13 жас – орта топ,
14 - 16 жас – жасөспірім топ , 17 - 20 жас – жоғарғы топ.
БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ
«Эстрадалық вокал», «Вокалды топ», «Көркем сөз», «Ақындық өнер»,
«Аспапта ойнау», «Дәстүрлі ән», «Хореография», «Шығарма», «Бейнелеу өнері», «Қолөнер», «Сахналық көрініс», «Сән үлгісі».
Жүлдесі:
Барлық жеке және топтық қатысушыларға– диплом беріледі.
Байқауға қатысатын ұстаздарға - диплом беріледі.
Жетекші ұстаздарға «Құрмет грамотасы» беріледі.
Негізгі талаптар, міндеттер:
WhatsApp номеріне өтініш, видео, жарна чегі бірге жіберілуі қажет.
“Эстрадалық вокал”, «Вокалды топ» жанры бойынша қатысушы Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған немесе ақынға арналған бір әнді орындап, видеоға түсіріп, WhatsApp арқылы жібереді. Уақыты 3-3,5 минут.
“Көркем сөз” жанры бойынша қатысушы ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқып, өлеңді видеоға түсіріп, WhatsApp арқылы жібереді. Уақыты 3-3,5 минут.
«Ақындық өнері» жанры бойынша қатысушы М.Мақатаевқа арнап өзінің өлеңін мәнерлеп, жатқа оқып, өлеңді видеоға түсіріп, WhatsApp арқылы жібереді. Уақыты 3-3,5 минут.
“Бейнелеу өнері” жанры бойынша қатысушы М.Мақатаевтың портретін немесе ақынның өлеңдерімен байланыстырып бір немесе бірнеше сурет салып, оны фотоға түсіріп WhatsApp арқылы жіберуі қажет.
“Қолөнері” жанры бойынша қатысушы М.Мақатаевтың немесе ақынның өлеңдеріне байланыстырып өз қолымен жасаған бір немесе бірнеше бұйымын (жұмысын) фотоға түсіріп WhatsApp арқылы жіберуі керек.
“Дәстірлі ән” жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта 1 ән орындап, әнді видеоға түсіріп, WhatsApp арқылы жіберді. Уақыты 3-3,5 минут.
«Аспапта ойнау» жанры бойынша еркін тақырыпта кез келген автордың шығармасын кез келген аспапта орындап, видеоға түсіріп, WhatsApp арқылы жібереді. Уақыты 3-3,5 минут.
«Шығарма» жанры бойынша 14 шрифтпен 3 беттен аспайтын, М.Мақатаевтың шығармашылығына немесе ақынның өлеңдеріне байланыстырып тақырыпқа сай шығарманы Merekeort@mail.ru электронды почтасына жібереді.
«Хореография» жанры бойынша қатысушы (топ) қазақтың ұлттық немесе еркін тақырыпта бір биін билеп, биді видеоға түсіріп, WhatsApp арқылы жіберуі керек. Уақыты 3-3,5 минут.
«Сән үлгісі» жанры бойынша қатысушы (топ) қазақтың ұлттық немесе еркін тақырыпта бір немесе бірнеше киім үлгісін көрсетуі қажет. Киім үлгісін видеоға түсіріп, WhatsApp арқылы жіберуі керек.
WhatsApp номеріне өтініш word түрінде, видео, жарна чегі міндетті түрде бірге жіберілуі қажет. Чексіз өтініштер қабылданбайды.
Қатысушылардың жұмыстары білікті мәдениет мамандары мен санаты жоғары педагогтардың төрелік етуімен бағаланады.
Қатысу жарнасы:
Жеке қатысушы оқушыларға – 2000 теңге. Ұстаздарға – 2500 теңге.
Дуэт, трио (құрам саны 2-3 бала) топтары әр қатысушыға - 2000 теңге.
Топ (құрам саны 4-20 бала) болып қатысатындарға (вокалды топ, хор, би және аспапта ойнау ансамблі, сахналық көрініс) адам басына – 1500 теңгеден.

Төлем жасау үшін: Каспи голд 87078187514 тел номеріне тіркелген Кульбадан С. төлемдер ақпан айының 6 – 26 аралығында қабылданады.
Марапаттауы:
Нәтижесі 28 ақпан күні дайын болып, Merekeort инстаграм парақшасына жарияланады. 2 наурыздан бастап қатысушы мен жетекшінің дипломы, құрмет грамотасы электронды почта арқылы жөнелтіледі.
Бізбен байланыс:
WhatsApp 87774924405 тел: 87017555935, 87078187514

Өтініш толтыру кестесі
Қатысушының (топтың) аты-жөні
толығымен
Толық жасы
Мектептің толық мекен-жайы, индексі
Қатысатын жанры
Шығарманың атауы
Қатысушының жетекшісі,
электрондық почтасы телефон нөмірлері:

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: