«АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Қосымша 1
«АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ережелер
1.1. Бұл Ереже 3-4 сыныптар арасында өткізілетін «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының (әрі қарай - олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібі мен ұйымдастыруын қамтамасыз етеді.
1.2. Ұйымдастырушылар: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен өңірлік «Дарын» орталықтары.
ІІ. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
2.1. Математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру.
2.2. Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, ғылымға баулу;
2.3. Жеңімпаздарды анықтап, ынталандыру;
2.4. Оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру;
2.5. Математика пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету.
IІІ. Олимпиадаға қатысу шарттары мен өткізілу тәртібі
3.1. Олимпиада алдын ала дайындалған жоспар бойынша өткізіледі. Олимпиаданың өткізу тәртібін Ұйымдастырушылар бекітеді.
3.2. Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне қатысу үшін 2022 жылдың 20 февраль сағ 19.00 дейін өтінім жіберуі керек. Бұл кезеңге мектептегі 3-ші және 4-шы әр сыныптан (3«А», 3«Ә», 3«Б») 5-8 оқушыға дейін қатыса алады.
3.3. Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:
І кезең – мектепішілік. Школыден келген сұраныс негізінде «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі орналасқан өңірлерде жергілікті мектептермен уақытын келісе отырып, офлайн өткізеді.
Олимпиаданың тапсырмалары жалпы екі бөлімнен тұрады. Берілетін уақыт - 60 минут, осы уақыт аралығында әр бөлімдегі тапсырмаларды орындау арқылы қатысушы 100 ұпай жинауы қажет.
Бірінші бөлім. Тест жұмысы, 10 есеп беріледі, әр дұрыс жауапқа
5 ұпай, жалпы ұпай саны 50 .
Екінші бөлім. Бос орынды толықтыру, 10 есеп беріледі, мұнда оқушылар тек жауаптарын толтырады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі, жалпы ұпай саны 50.
Мектепішілік кезеңнен жоғары ұпай жинаған оқушылар қалалық кезеңге жолданады.
Жеңімпаздар саны әр мектептен 4 оқушы, яғни 3 сыныптан - 2 оқушы, 4 сыныптан - 2 оқушы.
II кезең – қалалық кезең (офлайн).
Олимпиаданың тапсырмалары жалпы үш бөлімнен тұрады. Берілетін уақыт - 100 минут, осы уақыт аралығында әр бөлімдегі тапсырмаларды орындау арқылы қатысушы 100 ұпай жинауы қажет.
Бірінші бөлім. Тест жұмысы, 10 есеп беріледі, әр дұрыс жауапқа 4 ұпай, жалпы ұпай саны 40.
Екінші бөлім. Бос орынды толықтыру, 10 есеп беріледі, мұнда оқушылар тек жауаптарын толтырады. Әр дұрыс жауапқа 4 ұпай беріледі, жалпы ұпай саны 40.
Үшінші бөлім. Шешу, дәлелдеу, есептеу. Бұл кезеңде қатысушыларға 2 есеп беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі, жалпы ұпай саны 20.
3.4. Олимпиада тегін, оқушылардан қаражат жиналмайды.
ІV. Өткізілу мерзімі мен орны
4.1. Олимпиаданың өткізу уақыты мен тәртібін Ұйымдастырушылар анықтап, бекітеді.
V. Марапаттау
5.1. Олимпиада жеңімпаздары әр бөлімде жинаған ұпайларына байланысты анықталады. Әр кезең ұпайлары келесі кезеңге қосылмайды.
5.2. Олимпиада жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ орын иеленгені үшін өңірлік «Дарын» орталықтары мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің атынан дипломдар және бағалы сыйлықтар беріледі.
VІ. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
6.1. Олимпиаданы өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті құрылады.
6.2. Ұйымдастыру комитеті олимпиаданы өткізеді, өтінімдерді (тапсырыс) қабылдайды, қатысушылардың тізімін жасап, қазылар алқасының құрамын тағайындайды.
6.3. Олимпиада материалдарын дайындау ұйымдастыру комитетінің төрағасына жүктеледі.
VII. Олимпиаданың қазылар алқасы
Қазылар алқасы:
7.1. Тапсырманы тексеру және жұмыс нәтижелерін бағалау үшін бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді;
7.2. Жұмыстарды тексереді және бағалайды, тексерілген жұмыстардың қорытындысын ұйымдастыру комитетіне береді;
7.3. Жеңімпаздар тізімін анықтайды және бекітеді;
7.4. Соңғы шешімді қабылдайды, шешім қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды.
7.5. Қазылар алқасының құрамына республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздарының жетекшілері - «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің тәжірибелі математика пәні мұғалімдері және Назарбаев Университетінің ғылыми жетекшілері кіреді. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексеріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
Облыс (қала) атауы | Қатысушылардың өтінім беру сілтемесі | Жауапты маманның аты-жөні | Контакты телефоны |
Алматы қаласы | https://docs.google.com/forms/d/1VXqiVRjBxcvCZF9yvuUSN1GcayJiQeWXT07NN4vPXco/edit | Рымбаева Кульшат Сериккалиевна Каден Сетерхан Хорошийлық Орынбасарұлы | +7 701 404 86 51 +7 702 663 3346 +7 775 637 6789 |
Қатысушылардың өтінім беру сілтемесі
Қосымша 2
ПОЛОЖЕНИЕ
МАТЕМАТИЧЕСКОЙ ОЛИМПИАДЫ «АЛТЫН САҚА»
І. Общие положения
1.1. Данное Положение обеспечивает цели и задачи, порядок и организацию проведения математической олимпиады «Алтын сақа» (далее - олимпиада), проводимой среди 3-4 классов.
1.2. Организаторы: школа интеллектуального развития «Зерделі», Центр развития одаренности и психологического сопровождения «Астана дарыны» и региональные центры «Дарын» при поддержке Республиканского научно-практического центра «Дарын».
ІІ. Цели и задачи олимпиады
2.1. Выявление способных детей по математике в разных уголках республики, формирование олимпийского резерва;
2.2. Формирование интереса учащихся к предмету математика;
2.3. Определение и поощрение победителей;
2.4. Привитие учащимся умения анализировать математические понятия, грамотно излагать свои мысли;
2.5. Создание необходимых условий для поддержки одаренных детей, приобщение к науке;
2.6. Способствовать обмену опытом между учителями математики.
III. Условия участия и порядок проведения олимпиады
3.1. Олимпиада пройдет по заранее составленному плану. Порядок проведения Олимпиады утверждается Организаторами.
3.2. Заявки на участие в школьном этапе Олимпиады необходимо подать до 19.00 часов 20 февраля 2022 года. В данном этапе могут участвовать 5-8 учеников с каждого из 3-х и 4-х классов школы (3 «А», 3 «А», 3 «Б»).
3.3. Олимпиада состоит из 2 этапов:
Первый этап – внутришкольный. Данный этап проводится в офлайн формате в регионах, где расположена школа интеллектуального развития «Зерделі».
Задания олимпиады состоят из двух разделов. Общее время на два раздела - 60 минут, за это время, выполняя задания в каждом разделе участник должен набрать 100 баллов.
Первый раздел. Тестовая работа, дается 10 заданий, за каждый правильный ответ дается 5 баллов, общее количество баллов 50.
Второй раздел. Заполнить пропуски, дается 10 заданий, где учащиеся только заполняют ответы. За каждый правильный ответ дается 5 баллов, всего 50 баллов.
Учащиеся, набравшие более высокие баллы в школьном этапе, направляются на городской этап.
Количество победителей – по 4 ученика с каждой школы, (2 ученика 3-го класса, 2 ученика 4-го класса).
II этап - городской этап (офлайн).
Задания олимпиады состоят из трех разделов. Общее время на три раздела - 100 минут, за это время участник должен набрать 100 баллов, выполнив задания в каждом разделе.
Первый раздел. Тестовая работа, дается 10 заданий, за каждый правильный ответ по 4 балла, общее количество баллов 40.
Второй раздел. Заполнить пропуски, дается 10 заданий, где учащиеся только заполняют ответы. За каждый правильный ответ дается 4 балла, всего 40 баллов.
Третий раздел. Решать, доказывать, вычислять. На данном этапе участникам будет предоставлено 2 заданий. Каждый правильный ответ оценивается в 10 баллов, всего 20 баллов.
3.4. Олимпиада бесплатная, деньги с учеников не взимаются.
ІV. Сроки и место проведения
4.1. Время и порядок проведения Олимпиады определяются и утверждаются Организаторами.
V. Награждение
5.1. Победители Олимпиады будут определены по количеству очков, заработанных в каждом разделе. Очки за каждый раунд не будут добавлены к следующему раунду.
5.2. Победители олимпиады будут награждены дипломами и ценными призами от имени региональных центров «Дарын» и школы интеллектуального развития «Зердели» за занятие I, II, III мест.
VI. Организационный комитет олимпиады
6.1. Создается организационный комитет по проведению олимпиады.
6.2. Оргкомитет проводит олимпиаду, принимает заявки (заказы), составляет список участников и назначает состав жюри.
6.3. Подготовка материалов олимпиады возлагается на председателя оргкомитета.
VII. Жюри олимпиады
Жюри:
7.1. Обеспечивает соблюдение единых требований к проверке задания и оценке результатов работы;
7.2. Проверяет и оценивает работу, представляет результаты проверки в оргкомитет;
7.3. Определяет и утверждает список победителей;
7.4. Окончательное решение принято, решение пересмотру не подлежит и апелляционная комиссия не образуется.
7.5. В состав жюри входят победители Республиканских и Международных олимпиад – опытные преподаватели математики Школы умственного развития «Зерделі» и научные руководители Назарбаев Университета. Жюри рассмотрит работы участников и определит победителей и призеров.
Облыс (қала) атауы. Название Город | Қатысушылардың өтінім беру сілтемесі Втылка для регистрации участников | Жауапты маманның аты-жөні. Ф.И.О ответственных специалистов | Контакты телефоны Телефоны для связи |
Алматы қаласы | https://docs.google.com/forms/d/1VXqiVRjBxcvCZF9yvuUSN1GcayJiQeWXT07NN4vPXco/edit | Рымбаева Кульшат Сериккалиевна Каден Сетерхан Хорошийлық Орынбасарұлы | +7 701 404 86 51 +7 702 663 3346 +7 775 637 6789 |
Втылка для регистрации участников