«Ақ шағала» қалалық хореографиялық фестиваль-байқауын өткізу туралы ереже » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №155»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Бухгалтерия
+7(727) 230-97-70
Версия для
слабовидящих
» » «Ақ шағала» қалалық хореографиялық фестиваль-байқауын өткізу туралы ереже
07
февраль
2022

«Ақ шағала» қалалық хореографиялық фестиваль-байқауын өткізу туралы ереже

«Бекітемін»:
Алматы қаласы Білім
басқармасы басшысының
орынбасары

_____________ Қ. Жұманов

«___» январь 2022 жыл


«Ақ шағала» қалалық хореографиялық
фестиваль-байқауын өткізу туралы
ереже

Республикалық маңызы бар іс-шаралардың кестесі мен өткізу қағидалары туралы ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің 2021 жылғы 13 декабрьдағы № 18-4/1695 хатының негізінде "Ақ шағала" қалалық хореографиялық фестиваль-байқауы өткізіледі.

Байқаудың құрылтайшысы: Алматы қаласының әкімшілігі, Алматы
қаласының Управления образования

Байқаудың ұйымдастырушысы: Алматы қаласы Управления образования
№3 Оқушылар үйі

Байқаудың мақсаты: хореография өнері дәстүрінің дамуына жағдай жасау,
талантты ұжымдарды анықтау және оларға демеу
жасау, балалар хореографиялық ұжымының
шығармашылық қарым-қатынас ортасын құру

Байқауға қатысушылар: Алматы қаласының мектептері мен Оқушылар
үйінің хореографиялық ұжымдары

№3 Оқушылар үйі байқауды қашықтық және оффлайн форматта өткізеді.
Байқаудың ұйымдастырушылары қазылар алқасын жасақтайды.

Байқаудың ұйымдастырылу мерзімі:

Байқау 2022 жылдың февраль айы мен апрель айы аралығында өткізіледі
февраль – аудандық байқаудың қашықтықтан өткізілуі
25 февраль – қалалық байқаудың оффлайн форматта өткізілуі
Сәуір – жеңімпаздардың республикалық қашықтық байқауға қатысуы


Қалалық байқаудың өтетін орны - Алматы қаласы Управления образования
№ 6 оқушылар үйі

Байқау номинациялары:

1. Халық биі және халықтық-стильдендірілген би:
- қазақ халқының биі
- әлем халықтарының биі

2. Заманауи би:
- эстрада биі
- аралас би


Қатысушылардың жасы бойынша топтары:

- орта жастағы топтар – 10-13 жас
- жоғары жастағы топтар – 14-17 жас

Байқаудың өткізілу жағдайы:

1. Байқаудың қалалық кезеңіне мектептер мен Оқушылар үйінен тек бір жас ерекшелігі бойынша (ережедегі көрсетілген жас ерекшелік бойынша) құрамы 9 адамнан тұратын хореография ұжымдары қатысады
2. Байқаудың қалалық кезеңіне әр ауданнан 3 хореографиялық тобы - байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпаздары, 1 хореографиялық топ - Алматы оқушылар сарайынан қатысады.
3. Әрбір хореография ұжымы байқауға номинацияның біреуінен (таңдау бойынша) 2 түрлі номер көрсетеді. Немесе әр номинациядан 1 номер (қазақша би міндетті түрде)
4. Әр номердің ұзақтығы 5 минуттан артық болмауы тиіс. Екі номерді де сол балалар (9 адам) орындауы керек
5. 2020, 2021 жылдары «Ақ шағала» қалалық байқауына қойылған номерлер 2022 жылғы байқауға жіберілмейді
6. Көрсетілген уақыт лимитінен асқан жағдайда қазылар алқасы номерді тоқтатуға құқылы
7. Фонограмма тасымалдаушылары - жоғары сапалы дыбыстық флэш-карталар

Бағалау талаптары

Байқау жұмыстары мынадай талаптармен бағаланады:
- би композициясы көркемдігінің тұтастығы;
- қатысушылардың орындаушылық және әртістік шеберлігі;
- байқау номерінің берілген жанр мен орындаушылардың жасына сай болуы;
- костюм мен гримнің номерге сай болуы;
- музыкалық материалдың таңдалуы мен сапасы



Әділқазылар
Байқау бағдарламасын құрамында мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіби хореографтар және би педагогтары бар тәуелсіз әділқазылар бағалайды

Марапаттау

Әр жастағы топтардан мыналар анықталады:
«1,2,3 дәрежедегі лауреат», лауреаттар 1,2,3 дәрежедегі дипломмен марапатталады;
Барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны үшін мақтау қағазы беріледі;
Байқаудың «Гран При» жеңімпазы Алматы қаласы атынан қашықтан республикалық «Ақ шағала» хореографиялық өнер байқауына қатысу құқығына ие болады.

Қалалық байқауға қатысу үшін өтінішті 2021 жылдың 10 мартына дейін мына электрондық поштаға dom3metod@mail.ru №3 Оқушылар үйіне төмендегідей түрде беру қажет:

Қалалық «Ақ шағала» хореографиялық өнер байқауына Алматы қаласы _________________ ауданынан қатысу үшін өтініш

№ р/н Ұжымның атауы № мектеп немесе оқушылар үйі Бидің аты Бидің номинациясы Орындаушылардың саны Орындаушылардың жасы Ұжым жетекшісінің аты-жөні (толық), байланыс телефоны,
Жеке куәлік нөмері, кім және кашан берілгені
1.

2.

3.



Біздің мекен-жайымыз:
Алматы қаласы, Вахтангов қалтарысы, 2-2 А,
Телефон - 274-53-21, 8 707 320 36 18
Электрондық пошта – dom3metod@mail.ru

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: