10 март - 10 апрель аралығында өткізілетін ЕНТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №155»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Бухгалтерия
+7(727) 230-97-70
Версия для
слабовидящих
» » » 10 март - 10 апрель аралығында өткізілетін ЕНТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады
11
март
2021

10 март - 10 апрель аралығында өткізілетін ЕНТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады

10 март - 10 апрель аралығында өткізілетін ЕНТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады:
- орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
- орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері. Бұл ретте, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері жоғары оқу орнына түсу үшін қысқартылған оқыту мерзімдері мен жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттарын таңдамаған жағдайда қатыса алады.
- шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;
- ЕНТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ЕНТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ЕНТ нәтижелері бар тұлғалар күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі оқуға қабылдану үшін.
Тестіленушілер аталған ЕНТ нәтижесімен жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу мүмкіндігіне ие болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: