«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ» Стамбул қаласында өтетін халықаралық педагогтарға арналған біліктілікті арттыру курсының ережесі » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ» Стамбул қаласында өтетін халықаралық педагогтарға арналған біліктілікті арттыру курсының ережесі
16
қараша
2022

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ» Стамбул қаласында өтетін халықаралық педагогтарға арналған біліктілікті арттыру курсының ережесі

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ»
Стамбул қаласында өтетін халықаралық педагогтарға арналған біліктілікті арттыру курсының ережесі
(курс+саяхат)

2022 жылы 27-ші қараша мен 2-ші желтоқсан аралығында Түркия елінің Стамбул қаласында «Педагогикалық біліктілікті арттыру» курсы өтеді. Аталмыш іс-шараға «Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы Қазақстан педагогтарын тікелей қатыстыруға мүмкіндік алып отыр. «Алтын ғасыр» орталығы мен Түркия еліндегі ұйымдастырушы «Иксад» фондының арасында ортақ меморандум (келісім шарт) жасалды.

КУРС ТАҚЫРЫБЫ:
Курс тақырыбы: «Іс-әрекетті зерттеу». ( Педагог оқушыға, студентке білім беру барысындағы өзінің іс-әрекетін, педагогикалық әдіс-тәсілдерін зерттеу тақырыбы аясында өтіледі дәріс)

Курс кезінде қатысушыға қойылатын талаптар:
Компьютерді қолдана алу қажет;
Кәсіби мінез-құлықты сақтау қажет (этика)
Практика кезінде дәріске толықтай қатысу маңызды

КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?
Курс+саяхатқа кез келген білім мекемесінен педагогтар қатыса алады
(бала-бақша, мектеп, колледж, университет және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары қатыса алады.

КУРС+САЯХАТТЫҢ ПАЙДАСЫ:
- Халықаралық деңгейдегі сертификат аласыз (жарамды)
- Тәжірибе алмасасыз
- Біліміңізді толықтырып, Түркия елінің білім сапасымен таныс боласыз
- «Алтын ғасыр» орталығының арнайы алғыс хатын аласыз
- Саяхат кезінде тарихи орындарға экскурсия жасайсыз
- Стамбул қаласының ең көрікті жерлерін тамашалайсыз
- Яхтамен теңізде саяхаттайсыз

ҚАТЫСУ ҚҰНЫ ҚАНША?
- Қатысу құны – 340 мың теңге.
- Бұл бағаға не кіреді?: Курсқа қатысу, бару-қайту ұшақ билеттері, 3 жұлдызды қонақ үй, таңғы ас, гидтің қызметі, трансфер қызметі кіреді.
- Бұл бағаға не кірмейді?: Түскі, кешкі ас, Стамбулда жол жүру ақысы (трамвай, метро, музейлерге кіру билеті кірмейді.
!!! Жолыңызға, ас ішкенге, қажет болса базарлық алғанға қосымша 60-70 мың теңге алып шығу міндетті.
- Алдын ала авиа билетке орын брондау үшін -170 мың теңге төлеп, қалған сомманы бөліп төлеуге болады. Қазан айының 30-на дейін орын брондау қажет!!!
- Каспий Ред арқылы төлем жасауға болады



БАҒДАЛАМАСЫ ҚАНДАЙ?
- 27 қараша сағат 12.15-те Түркістан қаласының аэропортынан Стамбулға ұшу.
14.30-да (Түркия уақытымен) Стамбул қаласының Сабиха Гюкчен аэропортына қону.
- 27 қараша сағат 22.00-де Ақтау қаласының аэропортынан Стамбулға ұшу.
23.00-де (Түркия уақытымен) Стамбул қаласының жаңа аэропортына қону.
- 27 қараша қонақ үйге жайғасып, тамақтануға келеміз, тамақтанып болған соң Сұлтан Ахмет мешіті мен Айя София мешітіне экскурсияға барамыз. (Ақтаудан ұшып келген мұғалімдер басқа күні барады)
- 28 қараша: 9.00-де Стамбул қаласындағы Халич университетінде біліктілікті арттыру курсына барамыз. 12.00-де Ланч брейк (түскі үзіліс).
- 28 қараша сағат 14.00-де курс сабақтары жалғасады, практика алмасу сағаты.
- 29 қараша 10.00-де біліктілікті арттыру курсы жалғасады, университетпен танысу сәті болады.
- 30 қараша Топкапы сарайын, Сулеймания мешітін, Галата мұнарасын және Истикляль көшесін тамашалаймыз. Гранд базарға барамыз (шопиг)
-1 желтоқсан фотосессия, яхта-пароммен «Қыналы ада» аралына барып аралды тамашалаймыз.
- 2 желтоқсан таңғы астан соң жолға дайындық. Сағат 11.00-де трансфермен аэропортқа жол жүреміз.


БАЙЛАНЫС:
Тел: 8 708 111 46 30
Инстаграм: @altyn_gasyr_konkurs
Электронды почта: altyngasyr.ortalygy@mail.ru

ӨТІНІШТІ ҚАЙДА, ҚАЛАЙ БЕРУ ҚАЖЕТ?
- Ең алдымен 8702 173 82 56 каспий нөміріне 30-шы қазанға дейін 170 мың теңге орын брондау үшін төлеп чекті скрин жасайды немесе фотоға түсіріп алыңыз.
- Төменде көрсетілген өтініштің үлгісі бойынша әр педагог өзі жайлы жеке ақпаратты кестеге толтырады (ворд программасымен)
- Паспортыңызды фотоға түсіресіз. (суреті бар бетті толық көрінетіндей етіп)
- altyngasyr.ortalygy@mail.ru электронды почтасына жарна төленген чекті, өтінішті және паспортыңыздың суретін бірге жіберуіңіз қажет.
- Қосымша ақпаратты телефон арқылы хабарласып білуге болады
Өтініш беру үлгісі
Педагогтың толық
аты-жөні
(құжат бойынша) Мекен-жайы, мектебі, пәні Пәні, санаты және телефон нөмірі
Рыскелдиева Сандуғаш Тәңірбергенқызы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылы 2-ші дәрежелі санаттағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі
8708 111 46 30

Қосымша: Жобаның нақты заңды екеніне дәлел ретінде екі жақты келісім-шартты қосымша жіберіп отырмыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: