«Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»
06
қазан
2021

«Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»

БЕКІТЕМІН
Алматы қаласы
Білім басқармасының
ҚББЖТҒӘО директоры
__________ А. Дупик


«Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»
атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
қалалық конкурсының
ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ережелер

Білім беру жүйесінің басты тұлғасы ретінде мұғалімнің мәртебесін арттырмай заманауи мектепті жаңарту мүмкін емес. Қазіргі уақытта заманауи мектеп мұғалімінің кәсіби дамуындағы басты назарды әдістемелік жұмыстың жаңа тәсілдеріне аудара отырып, оның маңызын түсіну үшін міндеттерін, мазмұнын, әдісін, дәстүрлі тәсілдерін жаңғырту қажеттілігі туындауда.
«Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» конкурсы (әрі қарай – Конкурс) озат тәжірибені көрсету үшін жағдай туғызуға, мектеп мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, мұғалімдердің кәсіби дамуы мен заманауи әдістемелік идеяларды іздестіруге уәжін қалыптастыруға, білім беру ұйымының тәжірибесінде сабақты ұйымдастыруда авторлық әдістемелер мен технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Конкурс мектептердің білім беру процесіне енгізу үшін сабақтардың инновациялық әдістемелік әзірлемелерінің жүйеленуі мен мәліметтер қорының толығуына, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынас жасау түрлерінің дамуы мен кең қолданысына ықпал етеді.

2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

Конкурстың мақсаты: өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, зерделеу, кәсіби тәжірибесіне қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру.
Конкурстың міндеттері:
1) бастауыш сынып мұғалімдерінің түрлі форматтағы (сабақ, факультатив сабақ, үйірме жұмысы, сыныптан тыс жұмыс, элективті курстар арқылы) үздік педагогикалық тәжірибесін зерделеу;
2) жаңа педагогикалық идеялар табу және оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда заманауи тәсілдерді қолдану;
3) мұғалімдерді білім беру қызметінің әр түрін ұйымдастыруда дәстүрлі және инновациялық әдіс-тәсілдерді жетілдіруге және меңгеруге уәждеу;
4) мұғалімдердің кәсіби педагогикалық дамуы мен шығармашылығын ынталандыру, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту; мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.

3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Конкурсты ұйымдастырушы – Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы.
Конкурсты ұйымдастырушының қызметі:
1) конкурстың қазылар алқасының құрамын жасақтайды және бекітеді (әрі қарай – Қазылар алқасы);
2) конкурсқа қатысушылардың жұмыстарына бағалау критерийлерін бекітеді;
3) конкурстың ақпараттандырылуын қамтамасыз етеді;
4) жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) конкурстың қорытындысын шығарады.

Конкурсты орындаушы: ҚББЖТҒӘО-ның Ғылыми-әдістемелік және инновациялық бөлімі мен Оқу ісі жөніндегі бөлімі.
Конкурсты орындаушылардың қызметі:
1) білім беру ұйымдары арасында ақпараттық-таныстыру жұмыстарын жүргізеді;
2) конкурс материалдарын қабылдайды және қалалық кезеңге қатысушыларды тіркейді;
3) қазылар алқасының жұмысына ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қолдау көрсетеді.
Конкурстың кезеңдері:
1-кезең – аудандық, екі турадан тұрады (онлайн форматта) өткізіледі.
1-тур – Педагогтің портфолиосын зерделеу. Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес әр мұғалім Педагогтің партфолиосын ұсынады.
Бағалау критерийі: оқытатын пәніне байланысты теориялық дайындығы мен мұғалімнің кәсіби жетістіктері.
2-тур – «Бастауыш сынып сабақтарындағы білім беру инновациялары» – мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы. Таныстырылым ұзақтығы – 7 минуттан артық емес.
Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық, әдістемелік және технологиялық негіздерінің өзектілігі, нақтылығы, инновациялығы және оның баяндау шеберлігі бағаланады.
Фестивальдің аудандық кезеңіне қатысуға сұраныс аудандық білім бөлімдеріне 22.10.2019 ж. беріледі.
Аудандық сараптама комиссиясы мен қазылар алқасының құрамын аудандық білім бөлімі бекітеді.
Аудандық кезеңнің нәтижесі бойынша қалалық кезеңге қатысу үшін әр ауданнан 3 (үш) жеңімпаз ұсынылады.
Аудандық кезеңнің жеңімпаздарының материалдары 2021 жылдың 1 қарашасына дейін alima_suleymenova@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.
2 кезең – қалалық, екі турадан тұрады (онлайн форматта) өткізіледі.
1-тур – 2021 жылдың 15 қарашасына дейін өткізіледі.
Педагогтің портфолиосын зерделеу. Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес әр мұғалім Педагогтің партфолиосын ұсынады.
Бағалау критерийі: оқытатын пәніне байланысты теориялық дайындығы мен мұғалімнің кәсіби жетістіктері.
2-тур – 2021 жылдың 18 қарашасында өткізіледі.
«Бастауыш сынып сабақтарындағы білім беру инновациялары» – мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы. Таныстырылым ұзақтығы – 7 минуттан артық емес.
Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық, әдістемелік және технологиялық негіздерінің өзектілігі, нақтылығы, инновациялығы және оның баяндау шеберлігі бағаланады.
Өткізілетін орны: ZOOM платформасында. Сілтемесі конкурс болатын күннің алдында жіберіледі.

4. Конкурсты қорытындылау
Екінші кезеңнің конкурс материалдарын бағалау үшін ғылыми қоғамдастық өкілдерінен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалының тренерлерінен, «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласы бойынша ПКБАИ оқытушыларынан, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен, кәсіби шеберлік байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен тұратын Қазылар алқасы құрылады.
Конкурстың қазылар алқасы:
1) критерийлерге сәйкес конкурс материалдарын бағалайды;
2) конкурс материалдарын қорытынды бағалау хаттамаларын толтырады;
3) конкурстың номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды;
4) конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
Конкурстың қалалық кезеңінің нәтижесі бойынша Ұйымдастырушы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, номинациялар бойынша грамоталармен марапаттайды.

5. Байқауға қатысушылар
Конкурсқа барлық типтегі және әртүрлі меншік нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатыса алады.
Конкурсқа әр қатысушы жеке қатысады, командалық идеялар қарастырылмайды.
Конкурс педагогикалық тәжірибесі табысты, уәждері жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған.

6. Сұраныстарды тапсыру мерзімі
Конкурстың бірінші (аудандық) кезеңінің қорытындысы бойынша қатысушылар 2021 жылдың 1 қарашасына дейін Конкурсты орындаушыларға үлгі бойынша (№1 қосымша) АББ басшысы қол қойған сұранысты (alima_suleymenova@mail.ru) электронды почтаға жібереді.

№1 қосымша
«Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»
атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
конкурсқа қатысуға
сұраныс



р/б Т.А.Ә
толығымен Жұмыс орны Лауазымы Сөйлейтін сөзінің тақырыбы Телефоны Электронды почтасы



АББ басшысы _________________



№2 қосымша
Педагог портфолиосы

1. Педагогтің кәсіби құзіреттілігін растайтын құжаттар:
1) мұғалімнің жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі);
2) білімі туралы дипломдары (көшірмелері);
3) біліктілікті арттыру туралы сертификаттар, куәліктер (көшірмелері);
4) баспа жұмыстары, мақалалар, шеберлік-сабақтарын әзірлеу.
2. Педагогтің қаланың, республиканың білім саласының дамуына қосқан жеке үлесін растайтын құжаттар (болған жағдайда):
1) қалалық деңгейде авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
3) республикалық деңгейде авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
4) қалалық деңгейде ұсынылған оқулықтарды, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және енгізу;
6) республикалық деңгейде ұсынылған оқулықтарды, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және енгізу;
7) білім беру ұйымы педагогтеріне тәлімгерлік жұмысы және оқыту семинарлары, тренингтер, шеберлік сабағы және тағы басқа;
9) қаланың білім беру ұйымы педагогтеріне тәлімгерлік жұмысы және оқыту семинарлары, тренингтер, шеберлік сабағы және тағы басқа;
10) республика педагогтеріне тәлімгерлік жұмысы және оқыту семинарлары, тренингтер, шеберлік сабағы және тағы басқа;
3. Соңғы 5 жыл бойынша педагогикалық қызметтің нәтижелілігін растайтын құжаттар (болған жағдайда):
1) оқушылардың қалалық олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жүлдегерлері дипломдарының көшірмесі;
2) оқушылардың республикалық олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жүлдегерлері дипломдарының көшірмесі;
3) оқушылардың халықаралық олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жүлдегерлері дипломдарының көшірмесі;
4) қалалық ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстарға, жобаларға қатысқаны үшін берілген грамоталардың, дипломдардың көшірмелері;
5) республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстарға, жобаларға қатысқаны үшін берілген грамоталардың, дипломдардың көшірмелері;
6) халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстарға, жобаларға қатысқаны үшін берілген грамоталардың, дипломдардың көшірмелері.
4. Педагогтің кәсіби шеберлігіне және жеке тұлғасына берген бағаны растайтын құжаттар:
1) алғыс хаттары, грамоталары, дипломдары, төс белгілері, т.б.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: