I МЕЖДУНАРОДНАЯ ПРЕДМЕТНАЯ ОЛИМПИАДА «АҚБОТА» » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » I МЕЖДУНАРОДНАЯ ПРЕДМЕТНАЯ ОЛИМПИАДА «АҚБОТА»
20
желтоқсан
2022

I МЕЖДУНАРОДНАЯ ПРЕДМЕТНАЯ ОЛИМПИАДА «АҚБОТА»

«ЛИДЕР XXI ВЕКА» Халықаралық инновациалдық білім орталығы

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ  Х А Т 

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗІЛЕТІН «АҚБОТА»

 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

ЕРЕЖЕСІ


Келесі пәндер бойынша:


* Математика;                           * Физика;

* Химия;                                      * Информатика;

* Қазақстан тарихы;                 * Дүниежүзі тарихы; 

* Биология;                                 * География;

* Қазақ тілі және әдебиеті * Ағылшын тілі;

* Орыс тілі және әдебиеті         * Музыка; 

Әліппе, Ана тілі;                      * АӘД;

* Жаратылыстану;                     * Технология;

* Көркем еңбек;                          * Дене шынықтыру. 



Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері (1-4 курс)

Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 29.11 –24.12 дейін

Қорытындыуақыты: нәтижесісіздің жауаптарыңыз келгеннен кейін 1 жұмыс күні ішінде шығарылады.

Ұйымдастырушы: «ЛИДЕР XXI ВЕКА» Халықаралық инновациалдық білім орталығы. Мекен жайы: Алматы қаласы, Абай көшесі, 52. 148 кабинет. +7 775 131 53 01

Instagram:OLIMPIAD_CENTER (instagram парақшасына жазылыңыз және жаңалықтарды                

қадағалаңыз!)


Олимпиада мақсаты және міндеттері

  • оқушылардың білімдерін жетілдіру мен тереңдету;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын анықтау және дамыту;
  • дарынды балаларды қолдау үшін жағдай жасау;
  • жастар арасында ғылыми білімді тарату және танымал ету;
  • оқушылар мен студенттердің пәнді өзіндік зеріттеуге ұмтылысын көтермелеу.
  • дарынды жастарды жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға тарту


Өз құзыретінің шегінде олимпиаданың ұйымдастыру комитеті

  •  олимпиаданы пәндердің нысандары мен тәртібі бойынша өткізуге келіседі;
  • олимпиаданың өткізілуі мен дайындығын тікелей басқарады;
  • қазылар алқасының құрамын олимпиаданың әр пәніне әдістемелік бірлестіктеріне қарай бекітеді;
  • олимпиада нәтежесін қортындылап, талдайды және білім беру бөлімі мен білім беру басқармасына олимпиаданың өткізілуі туралы есеп береді;


Олимпиаданың қазылар алқасы келесі мәселелерді шешеді

  • пәндер бойынша олимпида жумыстарының бағалау критерийлерін анықтайды;
  •  олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын теориялық және эксперементтік жұмыстарын тексеріп бағалайды;
  • жалпы жиналысында жеңімпаздарды анықтайды және оларға жүлделер таратады.


Материалдарды жобалау

Олимпиадаға қатысқысы келген оқушы немесе студент осы қатысу ережелеріне сәйкес liderxxiveka@bk.ru электронды поштасына өзінің өтінішін MS WORD (анық оқылуы тиіс) және жарна төленген түбіртегін сканерленген немесе фотосурет ретіндегі көшірмесін жібереді. (түбіртекте төлемнің күні және уақыты көрінуі керек)

Олимпиадаға қатысу жарнасы 990 теңгені құрайды.


Төлем расталғаннан кейін Сіздің поштаңызға олимпиада тапсырмалары жолданады. 

24 сағаттың ішінде сіз олимпиада тапсырмаларын орындай отырып, жауаптарды liderxxiveka@bk.ru поштасына жібересіз. Нәтижелер сіздің жауаптарыңыз келгеннен кейін 1 

жұмыс күні ішінде шығарылады. 


Қорытындылау:

- Жеңімпаздар қатарына енбеген қатысушылар, өтініште көрсетілген электрондық почталарына электронды сертификаттарын алады;

- Жеңімпаздар (электрондық почта арқылы) I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ дипломда қатысушылардың жетекшілері көрсетіледі;

- 7-ден астам қатысушыны дайындап, қатыстырған жетекші, қатысушыларды байқауға дайындағаны үшін грамотамен марапатталады;

Қосымша сауалдар үшін: :+7 775 131 53 01


Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған банк реквизиттері:

- Каспий голд: 8 747 408 30 26

4400 4301 1446 1293 (карта номера)

- QIWI терминалы арқылытөлемнұсқаулары:+7 775 131 53 01

1. Әрелдімекендегі (сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер, кинотеатрлар және басқа да қоғамдық орындарда) орналасқан QIWI төлем терминалын таңдаңыз.

2. Терминалдың негізгі экранында «QIWI кошолек» түймесін басыңыз.3. Пайда болған экранда «Толтыру» түймесін басыңыз

4. Содан кейін +7 775 131 53 01 нөмірін енгізіп, сол нөмерді растаңыз.5. Түсініктемелер өрісінде жетекшінің аты жөнін енгізіңіз.

Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін liderxxiveka@bk.ru почтасына жолдауы керек.


Өтінішті толтыру үлгісі:

__________пәнінен __сынып оқушыларына арналған қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға өтініш

Пәннің атауы


Қатысушының аты-жөні (толық)


Сыныбы, оқытылу тілі


Облыс, аудан, қала, мектеп


Куратор – мұғалімнің аты-жөні(толық)


Куратор – мұғалімнің қызметі


Электронды поштаның адресі


Байланыс телефоны



Деректер, медаль алу үшін қажет

Конкурс туралы ақпарат көзі

Сіз үшін қандай ақпарат көзі тиімдірек және сіз пайдаланатын интернет желісін білу біз үшін өте маңызды. Болашақта конкурстар мен іс-шаралар туралы ақпаратты уақтылы алу үшін.


(Міндетті емес) Жеңімпаз МЕДАЛЬҒА тапсырыс бере алады - (Жарна сомасы жеңімпаздарға қосымша жарияланады). (Төлемге кіреді: медальды дайындау, "тірі" мөрі бар дипломның қағаз нұсқасы, пошта арқылы жеткізу) 

Медаль жайлы, жеңімпаздарға +7 775 131 53 01 телефон нөмірі бойынша хабарласуын өтінеміз.

Медальдарды пошта арқылы жіберу, тек төлем жасалғаннан кейін жүзеге асады.

 (Диплом, сертификат) қағаз нұсқаларын және медальді тапсырыс беру кезіндегі пошталық мекенжайыңыз (толық)

Қайда: (Толық)

Кімге: (Толық аты-жөні)

Пошта индексі:

Жұмысты жақсарту туралы ақпарат

Шығармашылық конкурстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетіне сіздің тілектеріңіз бен ұсыныстарыңыз

Сіздің тілектеріңіз болашақта байқауларды өткізу сапасын жақсартуға көмектеседі, сіздің мүдделеріңіз бен қажеттіліктеріңіз негізінде тақырыпты кеңейтуге мүмкіндік береді.


Қазақ тілінде марапаттау үшін

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: