ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қаңтар
2024

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ

Анетбекова Айнұр Төрехановна
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Алматы қаласы
«№155 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балаларға мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік берумен қатар адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивтік білім беру – бұл барлық балаларды олардың денсаулық жағдайына, экономикалық жағдайына, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, тіліне, жынысы мен жеке ерекшеліктеріне қарамай жалпы білім беру үдерісіне қосуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепте дені сау балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды.
Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады.
Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әрбір мұғалімнің алатын орны ерекше.
Тәрбиелеу барысында ерекше балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіпке, ұжымда бірлесе жұмыс жасай алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Оқыту үшін балалардың өмір жағдайына сәйкес және олардың әлеуметтік бейімделулеріне пайдалы болатын мазмұнды таңдау керек.
Ал оларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларға әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу - Ол нені жақсы көреді?, Нені ұнатпайды?, Кімді құрмет тұтады?, Немен айналысқанды ұнатады? сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені өрбітуге көмегін тигізеді, Яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелеудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып, оның бір сәтке болса да сергіп, көңіл көтеріліп қалауына әсер етеді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтың, психологтың жұмыс жасаудағы ерекшелігі:
1. Мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік - адамгершілік жағымды мінез – құлық қалыптастыру
2. Оқуға қызығушылығын дамыту
3. Жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту (оқу белсенділігі, өз бетімен жұмыс істеу т.б.) арқылы оқудағы қиындықтарды жою
4. Жалпы интеллектуалдық біліктілігін жас ерекшелігіне қарай дамыту( салыстыру, қарым –қатынас, практикалық топ, ойлау т.б.)
5. Жалпы даму деңгейін көтеру және жеке дамуындағы ауытқушылықты түзету.
6. Өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуын және біліктілігін дағдыларын нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру
Күтілетін нәтиже:
- Оқу барысындағы негізгі қиындықтары жойылады;
- Әлеуметтік – адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез – құлық қалыптасады;
- Өзіне деген сенімділігі артады, көзқарасы өзгереді;
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке және мектеп өміріндегі тыныс тіршілігіне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анық-тайды және ұжымда болып жатқан іс-әрекеттерге қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктер адамның жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне оқу бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендерімен құрдастарымен қарым-қатынасына кері әсер етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету, орнына келтіру, дамыту - педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралдас бөлігі болып табылады.
Инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік педагог даму мүмкіндігі шектеулі балалармен көптеген жұмыстар жасайды. Бұл саладағы оқушылар ерекше назарда болады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың кейбіреулерінде өзіндік қабілет, ерекшелік бар. Мысалы кейбіреулері би билеуге, спортқа, сурет салуға қызығады, осындай қызығушылығы мол балаларды әрі қарай дамыту әлеуметтік педагогпен әрбір мұғалімнің міндеті. Бұл балаларды өздерінің қабілетіне қарай түрлі конкурстарға қатыстырамыз. Оқушылар жүлделі орындарды иеленіп қуанып келеді.
Мектептерде инклюзивтік білім беруді енгізе отырып, педагогтар әр адам ойлауға, сезінуге, қарым-қатынас жасауға, бір-біріне сүйеніш болуға қабілетті деген қағиданы ұстанады және осыны балалардың көкейіне құйып, мейірімділікке баулиды. Бұл өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан шектемей толыққанды мүше ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 2011 – 2020 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2010, 18 – маусым.
2. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану. Республикалық педагогикалық – әдістемелік журнал, №4, 2015.









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: