Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 10-11 сыныптарға арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы (мектепішілік кезең)
08
қазан
2025

10-11 сыныптарға арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы (мектепішілік кезең)

Олимпиаданың мақсаты - математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтап, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысатын олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне отандық жоғары оқу орындарының білім гранттары беріліп келеді. Олимпиада мемлекеттік тілде офлайн форматта ұйымдастырылады. Олимпиада тегін өтеді. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары қатыспайды. Мектепішілік кезеңге қатысушының саны шектелмейді. Мектепішілік кезеңнен жоғары ұпай жинаған 5-15 оқушы аралығында (10 сыныптан – 3-10 оқушы; 11 сыныптан –2-5 оқушы) өңірлік кезеңге жіберіледі. Өңірлік кезеңге өтетін нақты оқушы санын олимпиада өтетін орынның сыйымдылығына байланысты «Зерделі» орталығымен келісу арқылы аудан/қала орталығының білім бөлімі белгілейді.
Время проведения олимпиады: 17/10/2025 - 17/10/2025

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: