Декады МО 2020-2021уч год » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ақпан
2021

Декады МО 2020-2021уч год

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БІРЛЕСТІГІ
ДЕКАДАСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Өткізілген уақыт:
Мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі: « Жаңа үрдіс тәсілдерін қолдана отырып, қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбы аясында жұмыс жасайды
Мақсаты: Жаңартылған бағдарламаны енгізуде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігін дамыту.
«Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда заманауи білім беру технологиялары негізінде сапалы білімді қамтамасыз ету, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін ашу»
Қазіргі қашықтықтан оқыту барысында, қыркүйек айында тілдер мерекесін өткізіп болған соң,пән мұғалімдері ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтар жоспары құрылып, бекітілді.
Пәндік оқытуда алдыңғы қатарлы ұстаздар: Джуасбаева Д.Ж., Кожагельдиева М.А., Абдирова Э.С. көбінесе алға қойған мақсаттарының дұрыстығын, оқушылардың қорытуы және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады.Әр ұстаз сабақ беруде жүйелі түрде оқытатын пәнінің ғылыми-теориялық деңгейін, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, өтілген материалды кеңінен, тереңінен түсіндіру, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік бере отырып мақсатына жетті.Сабақтар өте тартымды,жүйелі. Бекежан А және Сулейханова Ж тәжірбиелерін жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп,жаңа ақпараттық құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың дүниетанымының және идеялық-саяси бағдарламаның қалыптасуына ерекше көңіл бөлді.
Сонымен қатар ұстаздарға кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да көрсету қажеттігін: жұмыста ұқыпты болу, нақтылық жылдамдықты қажет ететіндігін ұмытпау айтылды.




Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығында
өткізілетін ашық сабақтар
№ Аты жөні: Сыныбы, реті: Мерзімі: Тақырыбы:

1 Джуасбаева Д.Ж. 5 «В» сынып
3 - сабақ 17.09.20 Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Нәтиже сабақ.

2 Утепова Р.Ф. 4 «А» сынып
4 – сабақ
22.09.20 Сүйікті қаламыз
3 Абдирова Э.С. 10 «Б» сынып
6 - сабақ
17.09.20 Отандық өнім-ұлт мақтанышы
4 Укина Қ.Б. 7 «В» сынып
4 - сабақ
18.09.20 Уақыт сый!
5 Садыкова Г.И. 5 «А» сынып
2 – сабақ
21.09.20 Менің мектебім
6 Жиргаланова У. 7 «В» сынып 6 - сабақ
24.09.20 Уақытты бағалайсың ба?
7 Байжанова Ж.Б. 9 «Ә» сынып
3 - сабақ
18.09.20 Әнет баба «Не арсыз, не ғайып,не даусыз?».
8 Кожагельдиева М.А. 9 «Б» сынып
4 - сабақ 21.09.20 Ауылға автобуспен барамыз.
ТБ .Өзгелік етіс.

9 Нұрлыбаева А. 3 «Б» сынып
1- саб 17.09.20 Тырналар жылы жаққа ұшады

10 Бекежан А.Е. 7 «Ә» сынып
1-сабақ 17.09.20 Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер есім»


11 Сулейханова Ж. 5 «Д» сынып

24.09.20 «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы»


Апталықты педагог-зерттеуші ұстазымыз Джуасбаева Даргул Жаксылыковна бастады. Сабақтың тақырыбы: «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» Нәтиже сабақ.

Сабақта, Нәтиже сабақ болғандықтан, 4 дағдының бәрі жүзеге асты.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер өте тиімді қолданып, жүзеге асты.

Талқылау барысында сабақ «Жақсы» деген бағаға ие болды

Келесі сабақты пән мұғалімі Сулейханова Жадыра 5-сыныпта «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы» тақырыбында өткізді.


Сабақта Айтылым және Жазылым дағдылары өте тиімді орындалды .Мұғалім қолданған әдіс-тәсілдер сабақтың тартымды болуына жаксы әсерін берді.
ТБ бойынша пысықталған сын есімдерді,оқушылар бірінен соң бірі тоқтаусыз орындап жатты.

10 «Б» сыныбында пән мұғалімі Абдирова Эльмира Советгалиевна -«Отандық өнім –ұлт мақтанышы» тақырыбын қамтыды.



10-сыныпқа бағдарлы кәсіптік білім беруде бұл сабақтың пайдасы көп деп білеміз.
Сабақ барысында оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі оянып, отандық өнімге көзқарасы өзгерді деп білеміз.


7 «Ә» сыныбы, пән мұғалімі Бекежан Алтыншаш . Сабақтың тақырыбы: «Жиембет жырау.Еңсегей бойлы Ер Есім»



Алтыншаш Ержанқызының сабақта қолданған әдіс-тәсілдері: «Шындық детекторы» әдісі; «Тұжырым кестесі» әдісі; «Синквейн» әдісі; «Қос диаграмма» әдісі-сабақтың ажарын ашып, түрлендіре түсті.
Сабақты жоғары деңгейде бағалап, «Өте жақсы» деген баға бердік.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садыкова Гулбар Идаятовна 5-сыныпта «Менің мектебім» тақырыбында ашық сабақ берді.



Нұрлыбаева Айдана 3 «Б» сыныбында «Тырналар жылы жаққа ұшады» тақырыбында ашық сабақ өткізді.



Сабақта : «Ассоциативті қатар», «Жоғалған дыбыстар», «Блоб ағашы» әдіс-тәсілдері қолданылды.Бастауыш сынып оқушылары сөздер мен сөз тіркестерінен шағын мәтіндерді құрап ,сөйлей білді.
Утепова Роза Файзуллаевна 4 «А» бастауыш сыныбында «Сүйікті қаламыз» тақырыбында ашық сабақ өткізді.



Роза Файзуллаевна өз сабағында - Септік және жіктік жалғауларды ауызша/жазбаша түрде қолдануды жақсы меңгертті.
Балалар берілген тірек сөздермен монолог құрып,жарысты.Сабақ өте қызықты өтті.



Кожагельдиева Мейрамкул Амреевна 9 «Б» сыныбында «Жолың болсың, жолаушы!» модульі бойынша «Ауылға автобуспен барамыз» тақырыбында ащық сабақ өткізді.


Сабақта тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша оқушылар ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтап,материалдың мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдірді.
Сабақта қолданған «Бэкроним», Семантикалық карта, Кластер толтыру – әдістері сабақты түрлендіре түсті.Сонымен қатар ТБ айдары бойынша –Өзгелік етісті түсіндіріп, сабақта ұтымды меңгерте білді.


Жиргаланова Умида Нурахметовна 7 «В» сыныбында «Уақытты бағалайсың ба?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.


Сабақта - Жазылым, Оқылым, Айтылым дағдысы ,жоспар бойынша орындалды.
Қолданылған «Оқиға картасы»,»Желаяқ ойыны» сынды әдіс-тәсілдер сабақтың акжарын аша түсті.



Укина Қарлығаш Берікболқызы 8-сыныпта «Сауда жасай білесің бе?» бөлімі бойынша «Сауда жасаймын» тақырыбында ашық сабақ берді.
Сабақта етістіктің шақ қызметін түсіндіре отырып, ауызша-жазбаша жұмыстарда тиімді қолдануды меңгерту мақсатында тапсырмалар орындалды.


Әр сабақ соңында ZOOM форматында ,өткізілген сабақ бойынша пән мұғалімдері сабаққа талдау жасап қорытынды шығарып отырды.
Барлық сабақтар жоспарға сай өткізілді.
Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің декадасы жоғарғы деңгейді өтті деген тұжырымға келдік.
Барлық мұғалімдерге шығармашылық табыс тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: