Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным
26
наурыз
2024

Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



















Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным



















Астана, 2023










Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023. – 22 б.






Ұсынылып отырған әдістемелік ұсынымдамада білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалаудың талаптары беріледі.
«Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным» жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналады.








© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2023.
©Национальная академия образования
им. И. Алтынсарина, 2023








«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«___»___________2024 ж.


Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным

Қысқаша сипаттама

Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қазақ тілі бойынша емтихан 125-бұйрықтың 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі» және оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өткізіледі.
1. Аралық аттестаттау мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау.
2. Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
Негіздеме:
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
2. «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы;
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 1-қосымшасы.

3. Емтиханды өткізу талабы.
Емтихан қазақ тілінде өтеді.
Емтиханды өткізу уақыты төртінші тоқсанның соңғы сабағында, сабақ үстінде өткізіледі, педагогтердің емтихандағы кезекшілік кестесі білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.

4. Үлгілік оқу бағдарламасымен байланысы
Білім алушыларды аралық аттестаттау негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8, 10-сыныптарына «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелерімен анықталады.
Қазақ тілінің мәртебесін арттыруды көздеп 5-8, 10-сыныптарда өткізілетін оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі» және оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша аралық аттестаттау – негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеруін бағалау нысаны ретінде қарастырылады.

5. Емтихан мазмұны:
Үлгі
«Қазақ тілі» пәні бойынша:

2) оқылым
Бөлімше 5-сынып 6-сынып 7-сынып 8-сынып 10-сынып ҚГБ 10-сынып-ЖМБ
6.
Оқылым стратегияларын қолдану 5.2.6.1
оқылым стратегияларын қолдану:
жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу 6.2.6.1
оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу 7.2.6.1
оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу 8.2.6.1
оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу




6. Оқылым стратегияларын қолдану 10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу
5. Мәліметтерді өңдей білу 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

3) жазылым
Бөлімше 5-сынып 6-сынып 7-сынып 8-сынып 10-сынып ҚГБ 10-сынып-ЖМБ
4.
Эссе жазу 5. 3.4.1
эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу. 6.3.4.1
эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу(«келісу, келіспеу» эссесі). 7.3.4.1
эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) 8.3.4.1
эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе) 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) 10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

4) әдеби тіл нормаларын сақтау:
Бөлімше 5-сынып 6-сынып 7-сынып 8-сынып 10-сынып ҚГБ 10-сынып-ЖМБ
4.
Грамматика
лық норма 5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;
5.4.4.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану;
5.4.4.3 сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу;
5.4.4.4 сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу;
5.4.4.5 төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру 6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану;
6.4.4.2 етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;
6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану 7.4.4.1
етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану;
7.4.4.2 еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну.
7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану;
7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану;
7.4.4.5
оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу
8.4.4.1
сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану;
8.4.4.2
тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану;
8.4.4.3 сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана білу;
8.4.4.4 жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану 10. 4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу 10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА
5-сынып
Төмен көрсеткіш 1-2 балл Орташа көрсеткіш 3-4 балл Жоғары көрсеткіш 5 балл
Оқылым Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды. Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты жартылай табады. Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты табады.
Жазылым Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.
Әдеби тіл нормалары Сөйлемді дұрыс құрмайды, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді. Сөйлем құрылысы дұрыс болғанымен, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді. Сөйлемдер логика-грамматикалық жағынан дұрыс құрылады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді.

6-сынып
Төмен көрсеткіш 1-2 балл Орташа көрсеткіш 3-4 балл Жоғары көрсеткіш 5 балл
Оқылым Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды толық қолданбайды, ойын толық ашып айта алмайды, іріктеп, оқуда, рөлге бөліп оқуда 7-8 қате жібереді. Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды жартылай қолданады, іріктеп, рөлге бөліп оқуда 4-5 қате жібереді. Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды еркін қолданады іріктеп оқиды, рөлге бөліп оқиды.
Жазылым Эссе тақырыбына қатысты мәліметтер толық сақтамайды, абзац түрлерін жүйелі құрастыра алмайды, өз ойын жеткізуде көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсете алмайды («келісу, келіспеу» эссесі). 5-6 грамматикалық қате жібереді. Эссе тақырыбынан аздап ауытқиды, абзац түрлерін құрастырады, өз ойын жеткізуде көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсете алмайды («келісу, келіспеу» эссесі). Сөйлемді дұрыс құрай алады. Алайда сөйлемдер арасында логикалық бірізді байланыс жоқ. Эссе тақырыбынан ауытқымайды, абзац түрлерін жүйелі құрастырады, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады («келісу, келіспеу» эссесі).
Әдеби тіл нормалары Сөйлемдегі есімдіктің қызметін толық түсінбейді, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданып, талдау жасауда 3-4 қате жібереді, етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдануда, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратуда, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануда 5-6 қате жібереді. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсінеді, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданып талдау жасауда 2-3 қате жібереді, етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдануда, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратуда, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануда 3-4 қате жібереді. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін толық түсінеді, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданып, талдау жасайды, етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында еркін қолданады, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады.

7-сынып
Төмен көрсеткіш 1-2 балл Орташа көрсеткіш 3-4 балл Жоғары көрсеткіш 5 балл
Оқылым Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын толық жеткізе алмайды, іріктеп оқуда 3-4 қате жібереді, зерттеп оқи алмайды. Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізе алмайды, іріктеп оқуда, зерттеп оқуда 1-2 қате жібереді. Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізеді, іріктеп оқиды, зерттеп оқуда өзіндік тұрғыдан шығармашылықпен жұмысты орындай біледі.
Жазылым Эссе құрылымы мен даму желісін сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің жолдарын оңтайлы шешуде өзіндік көзқарасы айқын емес. (дискуссивті эссе) 5-6 грамматикалық қате жібереді. Эссе құрылымы мен даму желісін толық сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын білдіруде 1-2 қате жібереді. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына өз көзқарасын жазады.
Әдеби тіл нормалары Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдануда шатастырады, еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын, шылау, одағай, оқшау сөздердің қызметін толық түсінбейді, сөйлем құрылымы, грамматикалық сауаттылығы өте төмен. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдануда 3-4 қателік жібереді, еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын, шылау, одағай, оқшау сөздердің қызметін толық түсінбейді, сөйлем құрылысы дұрыс болғанымен,
орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолданады, еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын, шылау, одағай, оқшау сөздердің қызметін түсінеді, мағыналық жағынан ажырата алады.

8-сынып
Төмен көрсеткіш 1-2 балл Орташа көрсеткіш 3-4 балл Жоғары көрсеткіш 5 балл
Оқылым Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын толық жеткізе алмайды, іріктеп оқуда 3-4 қате жібереді, зерттеп оқи алмайды. Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізе алмайды, іріктеп оқуда, зерттеп оқуда 1-2 қате жібереді. Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізеді, іріктеп оқиды, зерттеп оқуда өзіндік тұрғыдан шығармашылықпен жұмысты орындай біледі.
Жазылым Эссенің құрылымы мен даму желісін сақтамайды, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруда қиналады, өз ойын дәлелдеп (аргументативті эссе) жаза алмайды. 7-8 грамматикалық қате жібереді. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруда, өз ойын дәлелдеп жазуда 4-5 қателіктер жібереді (аргументативті эссе). Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра, өз ойын дәлелдеп жазады (аргументативті эссе).
Әдеби тіл нормалары Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін толық меңгермеген, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолдануда шатастырады, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің, сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда толық қолдана алмайды, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдануда сөйлем құрылымы, грамматикалық сауаттылығы өте төмен. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолдануда шатастырады, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің, сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда 1-2 қателіктер кездеседі, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдануда сөйлем құрылысы дұрыс болғанымен, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (3-4) жіберіледі Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданады, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің, сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда қолданады, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.

10-сынып ҚГБ

Төмен көрсеткіш 1-2 балл Орташа көрсеткіш 3-4 балл Жоғары көрсеткіш 5 балл
Оқылым Оқылым стратегияларын белгілі бір мақсат үшін қолдануда 5-6 қате жібереді. Оқылым стратегияларын белгілі бір мақсат үшін қолдануда 2-3 қате жібереді. Оқылым стратегияларын белгілі бір мақсат үшін қолдана алады. Ойын нақты, жүйелі жеткізеді.
Жазылым Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 5-6 қате жібереді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 3-4 қате жібереді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) жазады.
Әдеби тіл нормалары Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды толық түсінбейді, қолдануда 5-6 қате жібереді. Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды қолдануда 3-4 қате жібереді. Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай біледі.

10-сынып ЖМБ
Төмен көрсеткіш 1-2 балл Орташа көрсеткіш 3-4 балл Жоғары көрсеткіш 5 балл
Оқылым Мәтіндегі негізгі ойды анықтауда, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдеуде 5-6 қате жібереді. Мәтіндегі негізгі ойды анықтауда, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдеуде 3-4 қате жібереді. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей біледі.
Жазылым Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 5-6 қате жібереді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 3-4 қате жібереді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) жазады.
Әдеби тіл нормалары Мәтінмен жұмыс жасау барысында сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтамайды, 5-6 қате жібереді. Мәтінмен жұмыс жасау барысында сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтауда 3-4 қателік жібереді. Мәтінмен жұмыс жасау барысында сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай біледі.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша:

1) Тыңдалым.
6. Тыңдалым
материалдары бойынша жауап беру 5.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру 6.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру 7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру 8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру 10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу

2) Айтылым.
5. Сенімді және еркін жауап беру 5.2.5.1
берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу 6.2.5.1 коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру 7.2.5.1
диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай "сөйлеуші →тыңдаушы" позицияларын еркін ауыстыру 8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру 10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану

3) Оқылым.
Бөлімше 5-сынып 6-сынып 7-сынып 8-сынып 10-сынып
3.Көркем шығармаларды оқу 5.3.3.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау 6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 7.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау 8.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру 10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

4) Жазылым.
Бөлімше 5-сынып 6-сынып 7-сынып 8-сынып 10-сынып
2.Эссе жазу 5.4.2.1 эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу 6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу 7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу 8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну 10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

4. Тілдік бағдар
5-сынып 6-сынып 7-сынып 8-сынып 10-сынып
1. Сөз таптары 5.5.1.2 лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану 6.5.1.2
лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану 7.5.1.2 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы
шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
- 8.5.1.1 болжалдық және бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
8.5.1.2 еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды
қолдану
8.5.1.3 етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
8.5.1.4 күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды
қолдану
8. 5. 1. 5
демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды
қолдану 10.5.1.1 тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану;
10.5.1.2 сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану;
10.5.1.3 сан есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану;
10.5.1.4 есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану;
10.5.1.5 мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдану;
10.5.1.6 үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану;
10.5.1.7 шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану.

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА
5-сынып
Төмен деңгей 1-2 балл Орта деңгей 3-4 балл Жоғары деңгей 5 балл
Тыңдалым тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға қысқа жауап береді тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға орташа жауап беру тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға толық жауап беру
Айтылым берілген сұрақты дұрыс түсініп, қысқа жауап беру, шағын диалогке қатысу берілген сұрақты дұрыс түсініп, орташа жауап беру, шағын диалогке қатысу берілген сұрақты дұрыс түсініп, ашық сұрақтарға толық жауап беру, шағын диалогке қатысу
Оқылым Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармалардың мазмұнын толық түсінбейді. Шығарма тақырыбын анықтай алмайды. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармалардың жалпы мазмұнын түсінеді, тақырыбын анықтауда қателеседі. Өз ойын орташа деңгейде жеткізе алады. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармалардың мазмұнын түсінеді, тақырыбын анықтайды.

Жазылым Эссе құрылымын сақтамайды, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттауда сөздерді орынсыз қолданады. 4-5 грамматикалық қате жібереді. Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазуда 1-2 қателіктер жібереді. Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады.
Тілдік бағдар: Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда 4-5 қате жібереді. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда елеусіз 2-3 қате жібереді. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда еркін қолданады.

6-сынып
Төмен деңгей 1-2 балл Орта деңгей 3-4 балл Жоғары деңгей 5 балл
Тыңдалым тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып қысқа жауап беру тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып орташа жауап беру тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып толық жауап беру
Айтылым коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, 1-2 сөзбен ойларын толықтырып отыру коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, 4-5 сөзбен ойларын толықтырып отыру коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын еркін айту
Оқылым Орта көлемді шығармаларды түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтауда қиналады. Орта көлемді шығармаларды түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтауда қателеседі. орта көлемді
шығармаларды түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды
Жазылым Эссе тақырыбына қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай ғана қарастырылған. 4-5 грамматикалық қате кеткен. Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық сөздік қоры шектеулі. Эссе тақырыбының желісі сақталғанымен, әрбір абзацтағы жүйе сақталмайды, қажетті мазмұнды толық аша алмайды. 2-3 грамматикалық қате бар. Өз ойын орташа деңгейде жеткізу қабілеттілігін көрсетеді Эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын толық ашып жазылған.
Тілдік бағдар Лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажыратуда. жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдануда қиналады. 4-5 грамматикалық қате жібереді. Лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, бірақ жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдануда 1-2 қателіктер жібереді. лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолданады.

7-сынып
Төмен деңгей 1-2 балл Орта деңгей 3-4 балл Жоғары деңгей 5 балл
Тыңдалым тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікіріне қысқа жауап беру тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып толық жауап беру
Айтылым диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын толық ауыстыра алмау диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстыру диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
Оқылым Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдауда 4-5 қате жібереді. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдауда 1-2 қате жібереді. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына талдау жасайды.
Жазылым Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша «келісу/келіспеу» себептерін айқын көрсете алмайды. 4-5 грамматикалық қате жібереді. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша «келісу/келіспеу» себептерін көрсетуде 1-2 қате жібереді. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша «келісу/келіспеу» себептерін айқын көрсетіп жазады.
Тілдік бағдар Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін толық меңгермеген, жазба, ауызша 5-6 қате жібереді. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін түсінеді, жазба, ауызша жұмыстарда қолдануда 2-3 қате жібереді. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін біледі, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады.

8-сынып
Төмен деңгей 1-2 балл Орта деңгей 3-4 балл Жоғары деңгей 5 балл
Тыңдалым тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, жауап беру тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып,нақты дәлелді жауап беру
Айтылым пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға қысқа жауап беру пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға жауап беру пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру
Оқылым Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтауда, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беруде 4-5 қате жібереді. прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтауда баяу жұмыс жасайды, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беруде 1-2 қателік жібереді. Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтайды, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына толық баға береді.
Жазылым Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынуға қиналады. эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді. эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынады.
Тілдік бағдар Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді, етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін, күшейткіш үстеулерді, демеулік шылаулардың қызметі бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарда 4-5 қате жібереді. Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді, етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін, күшейткіш үстеулерді, демеулік шылаулардың қызметі бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарда 2-3 қате жібереді. Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді, етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін, күшейткіш үстеулерді, демеулік шылаулардың қызметі бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарда қате жібермейді.

10-сынып
Төмен деңгей 1-2 балл Орта деңгей 3-4 балл Жоғары деңгей 5 балл
Тыңдалым 10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын 1-2 сөйлеммен дәлелдеу 10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын дәлелдеу 10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу
Айтылым 10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қателіктер жіберу 10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қолдану 10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану
Оқылым Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 1-2 қате жібереді. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалай алады.
Жазылым Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 4-5 қате жібереді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 1-2 қателік жібереді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазады.
Тілдік бағдар Тәуелдік, көптік жалғауларды қолдана алады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды қолдануда 4-5 қате жібереді. Тәуелдік, көптік жалғауларды дұрыс қолданады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды қолдануда 1-2 қате жібереді. Тәуелдік, көптік жалғауларды дұрыс қолданады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды орынды қолданады.

6. Аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушының оқу үлгерімін тексеруге берілген мәтін саны, эссе тақырыптарының саны – 4.
Сөз саны кесте бойынша көрсетілген.
р/с Сыныбы Сөз саны (Қазақ тілі) Сөз саны (Қазақ тілі мен әдебиеті)
1 5 100-110 80-90
2 6 110-120 90-100
3 7 120-130 100-110
4 8 130-140 110-120
5 10 (ҚГБ, ЖМБ) 140-150 120-130

«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен эссе жазуда тапсырмалардың мазмұны ақпаратты түсіну, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын түсіну, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, проблемалық сұрақтар құрастыру, түрлі дереккөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға құрылған.
7. Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай берілген.
8. Білімді тексеру тапсырмасының формасы: (тыңдалым, айтылым) оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазу
9. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 90 минутты құрайды. Жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген.
10. Білімді тексеру тапсырмалары мен жалпы жұмысты бағалау: Критериалды бағалау жүйесімен байланысы білім алушыларды аралық аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады. Дұрыс орындалған тапсырма үшін оқушы жиынтық балл (5 балл) жинайды.

1-кесте - Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы
(оқыту қазақ тілінде)

р/с Сөйлесім әрекеті Балл қою нормативі, ең жоғары балл 5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы 30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы
1 Оқылым 1-тапсырма - 0,5 балл;
2-тапсырма - 0,5 балл 1 6
2 Жазылым - құрылымын сақтауы – 0,5 балл;
- мазмұны - 2 балл;
- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл 3 18
3 Әдеби тіл нормалары 1 балл 1 6
5 30







2-кесте Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы
(оқыту өзге тілде)

р/с Сөйлесім әрекеті Балл қою нормативі, ең жоғары балл 5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы 30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы
1 Тыңдалым 1-тапсырма - 0,5 балл; 0,5 3
2 Айтылым 1-тапсырма - 0,5 балл; 0,5 3
3 Оқылым 1-тапсырма - 0,5 балл;
2-тапсырма - 0,5 балл 1 6
4 Жазылым - құрылымын сақтауы - 0,5 балл;
- мазмұны-1 балл;
- лексика-грамматикалық норманы сақтауы - 0,5 балл. 2 12
5 Әдеби тіл нормалары 1 балл 1 6
5 30

11. Аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілері

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)

5-сынып.
1) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табады.
2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрады.
«Саяхатты бала күнімнен бастадым. Алғашқы әскери дайындық деген пәннен Нұрлан деген ағайым балаларды тауға алып шығатын. 5-6-сыныптан бастап тауға шыға бастадым. Саяхатқа деген қызығушылық солай оянды. 2015 жылы алғаш рет шетелге шықтым. 25 жасымда алғаш ұшаққа міндім. Іссапармен Түркияға барып келдім.
«Саяхатқа көп ақша керек» деп ойладым. Саяхат деген «міндетті түрде шетелге бару, ұшақпен ұшу» деп түсіндім. Мен сияқты көп адам саяхаттау «міндетті түрде шетелді көру» деп ойлайды. Бірақ саяхаттау туған жеріңді аралаудан басталатынын түсіндім.
Жасым 30-ға таяған шағымда 5 елді көргенмін, бірақ өзімнің ауылымның жанында тұрған Көлсайды көрмеппін. Кейбір адамдар сонау алыс шетелдерден Көлсайды көру үшін келеді. Дәл солай Алматыда тұрып, Медеуге бармағандар қаншама?! Алматыда тұрып, Көктөбеге шықпайтындар бар. Алматының маңында әдемі жер көп. Шарынға бармаған, Көкжайлауға шықпаған адам көп. Ұлытауда тұрып, Жошының кесенесін көрмегендер бар. Астанада тұрып, Көкшетауға, Бурабайға бармағандар бар. Шығыс Қазақстанда, Өскеменде тұрып, Катон-Қарағайды көрмегендер бар. Айта берсең көп.
Алыс шетелді аңсау міндет емес. Саяхат деген туған жерді аралаудан басталады. Туған жердің кереметтерін танып алсаң, алыс шетел туралы ойлана бер.
(Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/84063/)
Тапсырманы орындау.
Нақты ақпараттар: саяхатқа қызығушылықтың оянуы бала кездегі тауға шығудан басталған. Саяхатқа шығуды шетел көру деп ойлаған. 30-ға жас келгенде іргесіндегі Көлсайды көрмей, 5 шет елді көргенін түсінген. Туған жерді аралау әлем танудың (саяхаттың) басы деп бағалаған.
Мазмұндау жоспары:
1. Нұрлан ағаймен тауға шығу
2. Саяхаттауға қызығушылықтың оянуы
3. Алғаш ұшаққа міну
4. «Саяхатты шетел көру» деп ойлау
5. 5 шет елді көріп, Көлсайды көрмеу
6. Саяхатты туған жерден бастау
2) Жазылым. (3 балл)
«Табиғатқа саяхат туған жерді танудан басталсын» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады.
Үлгі:
Саяхаттың табиғатқа, тарихи орындарға, теңізге, су астына сияқты алуан түрі бар. Ол саяхатшының қызығушылығына байланысты. Саяхаттаумен туған жерін жақсы таныған адам өзге елді танып, мәдениетін үйреніп, дүниетанымын кеңейте алады.
Ал мен табиғатқа саяхаттауды жақсы көремін. Қалың орман, құстар үні, кең дала, жәндіктердің әрекеттері мені қызықтырады. Мәтіндегі кейіпкер Көлсайдың маңында тұрса да, Қазақстанның көптеген ғажайыптарын көзімен көрмеген. Сондықтан мен кейіпкердің қателігін қайталамай, өз айналамдағы ғажайыптарды түгел көріп шығуды мақсат етемін.
Қорыта келе айтарым, ақшаң болса, шетелге саяхаттай ғой. Алайда кейіпкерім айтқандай, «Саяхат деген туған жерді аралаудан басталады». Сол себепті мен туған жерімнің кереметтерін танып алып барып, алыс шетел туралы ойланатын боламын. (100 сөз)
3) Әдеби тіл нормалары (1 балл). зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.
Эссе мәтінінен бір зат есімді алып, септік жалғаулары арқылы түрлендіріп көрсет.
Жауап үлгісі:
А. саяхат - не?
І. саяхаттың - ненің?
Б. саяхатқа - неге? қайда?
Т. саяхатты - нені?
Ж. саяхатта - неде? қайда?
Ш. саяхаттан -неден? қайдан?
К. саяхатпен - немен? қалай?


12. Аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілері

(оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)

5-сынып.
1) Тыңдалым. Мәтін тыңдап, сұрақтарға жауап береді (0,5 балл).
2) Айтылым. Тыңдаған мәтін бойынша диалогқа түседі (0,5 балл).
3) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табады.
2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрады.
«Саяхатты бала күнімнен бастадым. Алғашқы әскери дайындық деген пәннен Нұрлан деген ағайым балаларды тауға алып шығатын. 5-6-сыныптан бастап тауға шыға бастадым. Саяхатқа деген қызығушылық солай оянды. 2015 жылы алғаш рет шетелге шықтым. 25 жасымда алғаш ұшаққа міндім. Іссапармен Түркияға барып келдім.
«Саяхатқа көп ақша керек» деп ойладым. Саяхат деген «міндетті түрде шетелге бару, ұшақпен ұшу» деп түсіндім. Мен сияқты көп адам саяхаттау «міндетті түрде шетелді көру» деп ойлайды. Бірақ саяхаттау туған жеріңді аралаудан басталатынын түсіндім.
Жасым 30-ға таяған шағымда 5 елді көргенмін, бірақ өзімнің ауылымның жанында тұрған Көлсайды көрмеппін. Кейбір адамдар сонау алыс шетелдерден Көлсайды көру үшін келеді. Дәл солай Алматыда тұрып, Медеуге бармағандар қаншама?! Алматыда тұрып, Көктөбеге шықпайтындар бар. Алматының маңында әдемі жер көп. Шарынға бармаған, Көкжайлауға шықпаған адам көп. Ұлытауда тұрып, Жошының кесенесін көрмегендер бар. Астанада тұрып, Көкшетауға, Бурабайға бармағандар бар. Шығыс Қазақстанда, Өскеменде тұрып, Катон-Қарағайды көрмегендер бар. Айта берсең көп.
Алыс шетелді аңсау міндет емес. Саяхат деген туған жерді аралаудан басталады. Туған жердің кереметтерін танып алсаң, алыс шетел туралы ойлана бер.
(Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/84063/)
Тапсырманы орындау.
Нақты ақпараттар: саяхатқа қызығушылықтың оянуы бала кездегі тауға шығудан басталған. Саяхатқа шығуды шетел көру деп ойлаған. 30-ға жас келгенде іргесіндегі Көлсайды көрмей, 5 шет елді көргенін түсінген. Туған жерді аралау әлем танудың (саяхаттың) басы деп бағалаған.
Мазмұндау жоспары:
1. Нұрлан ағаймен тауға шығу
2. Саяхаттауға қызығушылықтың оянуы
3. Алғаш ұшаққа міну
4. «Саяхатты шетел көру» деп ойлау
5. 5 шет елді көріп, Көлсайды көрмеу
6. Саяхатты туған жерден бастау

4) Жазылым. (2 балл)
«Табиғатқа саяхат туған жерді танудан басталсын» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады.
Үлгі:
Саяхаттың табиғатқа, тарихи орындарға, теңізге, су астына сияқты алуан түрі бар. Ол саяхатшының қызығушылығына байланысты. Саяхаттаумен туған жерін жақсы таныған адам өзге елді танып, мәдениетін үйреніп, дүниетанымын кеңейте алады.
Ал мен табиғатқа саяхаттауды жақсы көремін. Қалың орман, құстар үні, кең дала, жәндіктердің әрекеттері мені қызықтырады. Мәтіндегі кейіпкер Көлсайдың маңында тұрса да, Қазақстанның көптеген ғажайыптарын көзімен көрмеген. Сондықтан мен кейіпкердің қателігін қайталамай, өз айналамдағы ғажайыптарды түгел көріп шығуды мақсат етемін.
Қорыта келе айтарым, ақшаң болса, шетелге саяхаттай ғой. Алайда кейіпкерім айтқандай, «Саяхат деген туған жерді аралаудан басталады». Сол себепті мен туған жерімнің кереметтерін танып алып барып, алыс шетел туралы ойланатын боламын. (100 сөз)
5) Әдеби тіл нормалары (1 балл). зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.
Эссе мәтінінен бір зат есімді алып, септік жалғаулары арқылы түрлендіріп көрсет.
Жауап үлгісі:
А. саяхат - не?
І. саяхаттың - ненің?
Б. саяхатқа - неге? қайда?
Т. саяхатты - нені?
Ж. саяхатта - неде? қайда?
Ш. саяхаттан - неден? қайдан?
К. саяхатпен - немен? қалай?

13. Бағалау критерийлері:

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Оқу дағдысы Бағалау критерийлері Тапсыр
ма реті Дескриптор Балл
Оқылым Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады. 2 - әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);
- мазмұндау жоспарын құрастырады (0,5 балл). 1
Жазылым
- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.
-жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады. 3 -эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);
-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);
-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).

3

Әдеби тілдің нормалары Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады. 1 -мәтіннен зат есім сөзді табады (0,25 балл);
-әр септіктің жалғауын дұрыс қолданады (0,25 балл);
- сауатты жазады (0,25 балл);
-сұрақтарын қояды (0,25 балл). 1


(оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптар үшін)
Оқу дағдысы Бағалау критерийлері Тапсырма реті Дескриптор Балл
Тыңдалым Мәтін тыңдап, сұрақтарға жауап береді 1 - сұрақтарға жауап береді; 0,5
Айтылым Тыңдаған мәтін бойынша диалогқа түседі 1 - жұбымен жұмыс жасайды; 0,5
Оқылым Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады. 2 - Әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);
- мазмұндау жоспарын құрастырады (0,5 балл). 1
Жазылым
- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.
- жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады. 3 -эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (0,5 балл);
-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);
-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (0,5 балл).

2

Әдеби тілдің нормалары Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады. 1 - мәтіннен зат есім сөзді табады (0,25 балл);
- әр септіктің жалғауын дұрыс қолданады (0,25 балл);
- сауатты жазады (0,25 балл);
- сұрақтарын қояды (0,25 балл). 1

14. Байқау емтиханының қорытындыларына талдау жасау

3-кесте - Байқау емтиханына қатысушылар туралы мәлімет
Өңірі (қаласы, ауданы, мектебі)________________________________

Сыныбы Білім алушылардың саны Қатысқандар саны Қатыспағандар саны, себебі



4-кесте - Емтихан тізімдемесі

Сыныбы Қатысқандар саны Оның ішінде
«2» «3» «4» «5»



5-кесте - Білім сапасы (пайыздық көрсеткішпен)

(оқыту қазақ тілінде)
Сөйлесім әрекеті Қатысқан білім алушы саны Оқу мақсаты коды Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны Сапа % Үлгерім %
төмен орта жоғары
0 - 39 % 40 - 84 % 85 - 100 %
Оқылым
Жазылым
Әдеби тіл нормалары
Білім сапасы көрсеткішіне комментарий
Сынып бойынша меңгерілген мақсаттар Қиындық тудырған мақсаттар


(оқыту өзге тілде)
Сөйлесім әрекеті Қатысқан білім алушы саны Оқу мақсаты коды Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны Сапа % Үлгерім %
төмен орта жоғары
0 - 39 % 40 - 84 % 85 - 100 %
Тыңдалым
Айтылым
Оқылым
Жазылым
Әдеби тіл нормалары
Білім сапасы көрсеткішіне комментарий
Сынып бойынша меңгерілген мақсаттар Қиындық тудырған мақсаттар



ЕСКЕРТУ:

1. Жоғарыдағы берілген тапсырмалар педагогтер басшылыққа алуы үшін үлгі ретінде берілген (қажеттілігіне қарай ауыстырып дайындайды).
2. Бағалау критерийлері құрастырылатын тапсырмаларға қарай педагогтер тарапынан жасалуы керек.
3. Емтихан тапсырмаларын құрастыруда тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары қамтылады. Емтихан тапсырмаларын орындау қадамдары:
1) дайындалған мәтін бойынша тапсырманы орындау арқылы білім алушының тыңдалым дағдысы тексеріледі (өзге тілде оқытатын сыныптар үшін);
2) айтылым дағдысы бойынша білім алушыға тапсырмалар беріледі (өзге тілде оқытатын сыныптар үшін);
3) оқылым бойынша білім алушыға дайын мәтін беріледі (қазақ және өзге тілдерде оқытатын);
4) жазылым дағдысы бойынша білім алушы эссе жазады (оқылым мен жазылым бойынша берілетін мәтін мазмұны мен эссе тақырыбы бір-бірімен байланысты болу керек (қазақ және өзге тілдерде оқытатын);
5) эссе мәтініне грамматикалық талдау жасайды.
4. Емтихан материалдарын білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімімен педагогтер әзірлейді.
5. Үлгі ретінде әр дағды бойынша оқу мақсаттары алына отырып, тапсырмалар берілді. Аралық аттестаттау тапсырмаларын дайындауда педагог (оқыту тіліне қарай) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының бөлімшелеріндегі оқу мақсаттарын сақтай отырып, тапсырмаларды түрлендіруіне болады немесе сыныптың білім сапасына қарай әр дағдыдағы бөлімшелер мен оқу мақсаттарын өзі таңдап ала алады.
6. Білім алушы жазылым дағдысы бойынша эссе жазуға міндетті.
7. Пән мұғалімі емтиханды төртінші тоқсанының соңғы сабағы үстінде бақылау жұмысы форматында өткізеді.
8. Күнделікке емтихан бағасын қою кезінде 30 балдық жүйеге ауыстырылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: