«FEST КӨКТЕМ» Республикалық жас суретшілер мен қолөнершілер арасындағы көрме-фестивальдың ережесі (оффлайн) » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «FEST КӨКТЕМ» Республикалық жас суретшілер мен қолөнершілер арасындағы көрме-фестивальдың ережесі (оффлайн)
04
сәуір
2022

«FEST КӨКТЕМ» Республикалық жас суретшілер мен қолөнершілер арасындағы көрме-фестивальдың ережесі (оффлайн)

«FEST КӨКТЕМ»
Республикалық жас суретшілер мен қолөнершілер арасындағы көрме-фестивальдың ережесі (оффлайн)

«Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы ҚР-ң Президенті Қ.К.Тоқаевтың «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялауына орай сәуір айының 21-і күні «Fest Көктем» атты Республикалық жас суретшілер мен қолөнершілер арасындағы көрме-фестиваль ұйымдастырады. Көрме-фестиваль Алматы қаласында «Grand Park» ойын-сауық сауда кешенінің концерт залында өтеді.

СЫЙЛЫҚ:
Арнайы сыйлық. Ең үздік деп танылған екі суретшіге – мольберт беріледі.
Ең үздік деп танылған екі қолөнершіге – шахмат сыйлыққа беріледі.
Бас жүлдеге – кубок, диплом беріледі.
Орын алған өнерпазға – кубок, диплом беріледі.
Жетекші-ұстаздарға – «Үздік жетекші» дипломы беріледі.

ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ:
Әр қатысушыға – 6 000 тг.
Жатар орын, тамақтану, келіп-кету шығыны өзіңізден.
Балалардың қауіпсіздігіне ата-анасы немесе бірге келген жетекшісі жауапты.

РЕКВИЗИТТЕР:
КАSPI БАНК (ГОЛД) +7 747 591 10 97 телефон нөміріне тіркеулі. Жамбыл А деп шығады. Карта нөмірі – 5169 4971 9469 8860

ӨТІНІШ БЕРУ ҮШІН:
1.Өтінішті үлгі бойынша компьютерде толтырасыз.
2.Байқауға қатысу жарнасын алдын ала төлеп, чек-квитанциясын скрин жасап немесе фотоға түсіресіз.
3.Өтініш пен чекті бірге altyn.gasyr20@mail.ru электронды почтасына сәуір айының 19-на дейін жібересіз.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
+7 747 591 1097, +7 708 111 46 30 (сұрақтар бойынша) ватсапқа өтініш қабылданбайды.
Эл.почта: altyn.gasyr20@mail.ru (өтініштерді қабылдау үшін)
altyn_gasyr_konkurs инстаграм парақша (хабарландырулар, өзгерістер жарияланып отырады)

ӨТЕТІН УАҚЫТЫ МЕН КҮНІ:
21 сәуір күні Алматы қаласы, Қабдолов көшесі 1 (Өтеген батыр көшесінің қиылысы) «Grand Park» сауда-кешенінің концерт залында өтеді, 9 блок.
21 сәуір таңғы сағат 9.30-да қатысушылар келіп жұмыстарын өткізеді.
Сағат – 10.30-да байқау басталады.
21 сәуір сағат 15.00-де марапаттау салтанаты. (Уақыттар өзгеруі мүмкін, нақты бағдарлама бір күн қалғанда ватсап нөмірлерге, электронды почталарға жіберіледі)



Өтініш толтыру кестесі. (үлгі)
Толық әрі сауатты толтырыңыз. Қате қайта түзетілмейді.
Қатысушының аты-жөні толығымен Есжан Рамазан Жамбулұлы
Толық жасы 9 жас
Қатысушының мекен-жайы, мектебі: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылы. Кемертоған мектебі
Қатысатын жанры «Көркем сурет» жанры
Шығарманың атауы «Көрікті көктем»
Жетекшінің аты-жөні және ұялы телефон нөмірлері Қазақбайқызы Гаухар
8702 173 82 56

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ:
4 жас - 7 жас бүлдіршін топ, 8 – 10 жас кіші топ, 11 – 13 жас орта топ,
14 – 17 жас жасөспірім топ, 18-23 жас жоғарғы топтар байқауға қатысады.

БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ:
«Көркем сурет» жанры - графика, кескіндеме, т.б (бейнелеу өнерінің барлық түріне рұқсат)
«Қолөнері» жанры - сәндік қолданбалы өнер, мүсін, сәулет өнері т.б түрлеріне рұқсат.

ШАРТТАРЫ:
«КӨРКЕМ СУРЕТ» жанры бойынша қатысушы көктем тақырыбында бір сурет салып, оны өзімен бірге алып келу керек. Суреттің форматына, көлеміне, бояу құралына шектеу жоқ. Қатысушы өз туындысын көрме кезінде әділқазылар алқасына таныстырып, қалай және қандай құралмен салғанын және мағынасын айтып қорғау міндетті. Дайын суретті мүмкіндігінше рамкаға салып әкелген жөн.
«ҚОЛӨНЕРІ» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта екі қолөнері жұмысын жасап өзімен бірге алып келу міндетті. Жұмыстың материалына, көлеміне шектеу жоқ. Қатысушы өз туындысын көрме кезінде әділқазылар алқасына таныстырып, қалай? қандай құралмен жасағанын және мағынасын айтып қорғау міндетті.

ҚОСЫМША ЖОБА.
«DREAM WAY» - жастарға арналған әлеуметтік жоба.
Байқаудың әр қатысушысы «Crand park» ойын-сауық сауда кешенінде орналасқан арнайы армандар плиткасын (тақтайша) орнататын алаңқайға барып, өзінің арман-тілегін бір плиткаға жазып оны алаңқайға орналастырады. Қатысушының арманы жазылған плиткаға жоба сайтында номер беріліп, қатысушының ватсап нөміріне сол жобаға қатысқаны үшін сертификат жіберіледі.
Бұл жоба – жастарға бір-біріне жақын болуға, қарым-қатынаста болуға және өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне көмектесетін әлеуметтік-ойын-сауық жобасы. Қатысу тегін әрі өте қызықты өтеді. Жобаның инстаграм парақшасы - @dreamway.kz

БАҒАЛАУ.
Қатысушылардың орыны балл бойынша есептеледі. Әділқазылардың қойған бағасы мен қатысушыға берілген орын қайта қарауға жатпайды. Байқау барысында шу шығарған жетекші немесе ата-ана қатысушымен бірге байқаудан шектетіледі.
Әділқазылар алқасының құрамында білікті мамандар, өнер және мәдениет қайраткерлері болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: