«САЛ ДОМБЫРА» Республикалық ұлттық әрі дәстүрлі өнер байқауының ережесі (офлайн) » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «САЛ ДОМБЫРА» Республикалық ұлттық әрі дәстүрлі өнер байқауының ережесі (офлайн)
24
ақпан
2022

«САЛ ДОМБЫРА» Республикалық ұлттық әрі дәстүрлі өнер байқауының ережесі (офлайн)

«САЛ ДОМБЫРА»
Республикалық ұлттық әрі дәстүрлі өнер байқауының ережесі (офлайн)
(балабақша, мектеп, колледж және университет өнерпаздары қатысады)

«Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы 2022 жылы наурыз айының 13-і күні Алматы қаласында «Сал домбыра» атты Республикалық ұлттық әрі дәстүрлі өнер байқауын ұйымдастырады. Байқау Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайының концерт залында өтеді.

СЫЙЛЫҚТАР:
«Үздік өнерпаз» номинациясы бойынша ең үздік деген екі өнерпазға – домбыра сыйлыққа беріледі.
Бас жүлдеге – кубок, диплом беріледі.
Орын алған қатысушыға – кубок, диплом беріледі.
Би топтарына, басқада топ құрамының әрқайсына – медаль беріледі.
Жетекші-ұстаздарға – «Үздік жетекші» дипломы беріледі.
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайына тегін саяхат жасалады.

ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ:
Жеке қатысушыға – 9 000 тг.
Бір мекемеден он адамнан артық қатысса – 8000 тг.
Топ болып қатысса, топ мүшелерінің әрқайсынан – 4500 тг.
Жатар орын, тамақтану, келіп-кету шығыны өзіңізден.
Балалардың қауіпсіздігіне ата-анасы немесе бірге келген жетекшісі жауапты.

РЕКВИЗИТТЕР:
КАSPI БАНК (ГОЛД) +7 747 591 10 97 телефон нөміріне тіркеулі. Жамбыл А деп шығады. Карта нөмірі – 5169 4971 9469 8860

ӨТІНІШ БЕРУ ҮШІН:
1.Өтінішті үлгі бойынша компьютерде толтырасыз.
2. Байқауға қатысу жарнасын алдын ала төлеп, чек-квитанциясын скрин жасап немесе фотоға түсіресіз.
3.Өтініш пен чекті бірге altyngasyr.ortalygy@mail.ru электронды почтасына наурыз айының 12-не дейін жібересіз.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
+7 747 591 1097, +7 708 111 46 30 (сұрақтар бойынша) ватсапқа өтініш қабылданбайды.
Эл.почта: altyngasyr.ortalygy@mail.ru (өтініштерді қабылдау үшін)
altyn_gasyr_konkurs инстаграм парақша (хабарландырулар, өзгерістер жарияланып отырады)

ӨТЕТІН УАҚЫТЫ МЕН КҮНІ:
13 наурыз күні Алматы қаласы, Зенкова көшесі 24 а. Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайының концерт залында өтеді. (28-ші гвардияшыл-панфиловшылар паркі)
13 наурыз таңғы сағат 9.00-де байқау жанрлар бойынша басталады (қосымша әр жанрдың өтетін уақыты жазылған бағдарлама бір күн бұрын электронды түрде таратылады)
13-ші наурыз күні кешкі сағат 19.00-де салтанатты марапаттау сәті. (уақыты өзгеруі мүмкін)




Өтініш толтыру кестесі. (үлгі)
Толық әрі сауатты толтырыңыз. Қате қайта түзетілмейді.

Қатысушының аты-жөні толығымен Есжан Рамазан Жамбулұлы
Толық жасы 9 жас
Қатысушының мекен-жайы, мектебі: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылы. Кемертоған орта мектебі.
Қатысатын жанры «Ұлттық аспапта ойнау» жанры
Шығарманың атауы (авторы) «Адай». авторы: Құрманғазы.
Жетекшінің аты-жөні және телефон нөмірлері:(үй телефоны жарамайды,ұялы телефон нөмірі қажет) Қазақбайқызы Гаухар
8702 173 82 56

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ:
4 жас - 7 жас бүлдіршін топ, 8 – 10 жас кіші топ, 11 – 13 жас орта топ,
14 – 17 жас жасөспірім топ, 18-23 жас жоғарғы топтар байқауға қатысады.

БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ:
«Ұлттық аспапта ойнау», «Музыкалық аспапта ойнау»
«Дәстүрлі ән» «Хореография», «Вокал» жанрлары.

ШАРТТАРЫ:
«ҰЛТТЫҚ АСПАПТА ОЙНАУ» жанры бойынша қатысушы кез келген қазақтың ұлттық аспабында кез келген автордың бір шығармасын орындауы шарт. (домбыра, қобыз, қылқобыз, шаңқобыз, шертер, жетіген, адырна, сыбызғы, сазсырнай т.б қазақтың ұлттық аспабында ойнауға болады) Уақыты – 2,5 -3 минут.

«МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТА ОЙНАУ» жанры бойынша қатысушы кез келген музыкалық аспапта кез келген автордың музыкалық бір шығармасын орындау керек. (симфониялық, үрмелі,шекті –ысқылы, шертпелі, соқпалы, соқпалы-шулы аспаптарды орындауға болады)

«ДӘСТҮРЛІ ӘН» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта терме немесе халық әнінен, халық композиторларының әнінен бір әнді домбырамен өзі сүйемелдеп отырып жанды дауыста орындау қажет. Уақыты – 2,5 -3 минут.

«ХОРЕОГРАФИЯ» жанры бойынша қатысушы (топ) қазақ күйіне қойылған бір қазақ биін орындауы шарт. Уақыты 3-4 мин. (Хореогроф-жетекшілерге сахнаның аумағы 20 кв2 екенін ескертеміз. Музей сахнасы болғандықтан аумағы кішірек)

«ВОКАЛ» жанры бойынша қатысушы (топ) бір халық әнін мунусовканың сүйемелдеуімен немесе акапелла түрінде орындауы шарт. Дуэт, трио, квартет, квинтет және вокалды топтар мен хор ұжымы болып қатысуға болады. Уақыты – 3-4 мин.


МАҢЫЗДЫ!
Әділқазылар алқасының құрамында білікті мамандар - күйші, дәстүрлі әнші, вокалист, хореогроф болады. Қорытынды орындар балдық жүйе бойынша 7-ден 10 балл арасында есептеледі. Әділқазылар алқасының шешімі қайта қарауға, өзгертуге жатпайды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: