«Жұлдыз болғың келсе…» Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән байқауының Ережесі » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жұлдыз болғың келсе…» Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән байқауының Ережесі
02
қыркүйек
2022

«Жұлдыз болғың келсе…» Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән байқауының Ережесі

«Бекітемін»
Алматы қаласы
«Майра» продюсерлік орталығының директоры
Ильясова М.Ә.
« » 2022ж

«Жұлдыз болғың келсе…»
Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән байқауының
Ережесі

Жалпы ереже
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың қолдауымен «2022 жыл -Балалар жылы» деп жариялауына орай «Майра» продюсерлік орталығы «Жұлдыз болғың келсе" Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән байқауын 2022 жылы 6 қазанда Алматы қаласында ұйымдастырады.

Өтетін жері: Алматы қаласы, Қабдолов көшесі 1 (Өтеген батыр көшесінің қиылысы) 9 блок «Grand park» ойын-сауық сауда кешенінің концерт залы.

Байқаудың мақсаты:
-балалар мен жасөспірімдердің қазақ халқының дәстүрлі ұлттық өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, балалардың рухани адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру, ән өнерін дамыту, жас талант иелерін іздеу, жастар арасында әншілік өнерінің кәсіби деңгейде көтерілуіне жол ашу, балалардың өз Отанын сүйюге, ұлттық мәдениетті сыйлауға тәрбиелеу;
Байқаудың шарттары
«Эстрадалық вокал», «Вокалды топтар» жанры бойынша қатысушылар бір ән орындайды, яғни халық әнінен, ретро және халық композиторларының, заманауи композиторлардың әндерінен таңдалынып алынады. Ән жанды дауыста айтылу керек. Дуэт, трио, квартет, 12 адамнан аспайтын вокалды топтар қатыса алады. Бэк вокал рұқсат етіледі. Ән Флешкамен қабылданады. Әннің уақыт ұзақтығы 3 минуттан аспауы қажет.
«Дәстүрлі ән» жанры бойынша аспаптың сүйемелдеуімен бір ән орындайды.. Орындаушы дәстүрлі ән, халық әні немесе терме орындауына болады. Арқа, Батыс, Сыр, Жетісу мектептерінің мәнерінде орындау.
«Аспапта ойнау» жанры бойынша қатысушы немесе қатысушы топтар халық күйлерінен немесе кез келген автордың туындысынан еркін тақырыпта бір шығарманы аспапта ойнауы қажет.
«Көркем сөз» жанры бойынша қатысушылар кез келген қазақ ақындарының шығармаларынан еркін тақырыпта бір өлеңді мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Уақыт ұзақтығы – 2,5 – 3 минут.
«Хореография» жанры бойынша жеке немесе топтық қатысушылар бір би билейді – қазақтың ұлттық биі немесе – еркін тақырыпта.
«Қолөнер» жанры бойынша қатысушы екі немесе оданда көп өз қолымен жасаған қолөнер бұйымын алып келуі тиіс. Өзі дайындап әкелген бұйымды қалай, немен, қанша уақытта дайындағанын айтып түсіндіріп беруі керек.
«Бейнелеу өнері» жанры бойынша қатысушы бір немесе бірнеше өзі салған туындысын алып келуі тиіс. Суреттің тақырыбы мен жанры қатысушының өз еркімен таңдалады.

Қатысушының бағалануы:
Вокалдық ерекшеліктері әннің сөзі мен әуенінің сапалылығы, музыканың кәсіби деңгейде өңделуі, әншінің орындауындағы шығарманың күрделілігі, актерлық шеберлігі, сахналық киім үлгісі ескеріледі. Жоғары баға арнайы жазылған оранжировкаларға қойылады. Интернеттен алынған сапасыз минусовкаларға төмен баға беріледі. Мәнерлеп оқушылардың дикциясына, жатқа айтуы мен мәнеріне назар аударылады.

Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктері
4 - 7 жас бүлдіршін топ,
8 – 10 жас кіші топ,
11 – 13 жас орта топ,
14 – 17 жас жасөспірім топ,
18-24 жас жоғарғы топ

Байқаудың өткізілетін мерзімі мен орны
2022 жылы 6 қазанда Алматы қаласы, Қабдолов көшесі 1 (Өтеген батыр көшесінің қиылысы) 9 блок «Grand park» ойын-сауық сауда кешенінің концерт залы.

6 - қазан – сағат 10.00 – байқаудың ашылу салтанаты, әрі қарай өнерпаздардың өнер көрсетуі және әділқазылардың бағалауы, Гала-концерт және марапаттау рәсімі;
Қазылар алқасы
Қазылар алқасының құрамына Республикалық дәрежедегі өнер қайраткерлері және жас жұлдызды әншілер, композиторлар шақырылады. Қазылар алқасының тұрақты төрайымы—ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, әнші, продюсер
Ильясова Майра Әлімғазықызы.

Қорытындылау және байқау жеңімпаздарын марапаттау
Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Жинаған сан ұпайы бойынша жас орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегерлері анықталады.
Байқаудың қорытындысында жеңімпаздар номинация бойынша марапатталады.
Бас жүлде сыйлық, медаль және лауреат дипломы.
І орын: сыйлық, медаль, лауреат дипломы;
ІІ орын: сыйлық медаль, лауреат дипломы;
ІІІ орын: сыйлық , медаль, лауреат дипломы;
Байқауға жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.

Байқауға қатысушылар міндетті түрде қатысу жүлде жарнасын алдын-ала төлейді:
ТӨЛЕМ ЖАСАУ ҮШІН: Каспий голд номері 87017555935 тел номеріне тіркелген Мереке С деп шығады. Төлемдер қазан айының 3 дейін қабылданады.

ЕСКЕРТУ!!!
Қатысушының өтініш-сауалнамасы 2022 жылдың 3 қазанға дейін ғана қабылданады. Төлем чегі мен өтініш үлгіде көрсетілгендей етіп компьютерде толтырылып,word-документ түрінде astana22astana@mail.ru электронды почтасына жіберілуі қажет.
Келіп – кету шығыны мен жатар орын шығындарын қатысушы жақ өздері көтереді. Байқау кезінде бетперде (маска) тағып жүру, ара-қашықтық (1 метрден кем емес) сақтау міндеттеледі. Қатысушылардың қауіпсіздігіне ата-анасы немесе жетекші ұстазы жауапты.

Соло (жеке қатысушы) – 15000 тг.
Дуэт – 15 000 тг.
Топ құрамында 3-10 адам болса әрқайсынан – 5 000 тг.
Топ құрамы 10 адамнан асса әрқайсынан – 4 500 тг.

Авторы және ұйымдастырушысы Ильясова М .А
Орындаушы: Смайлова М.М.
Байланыс телефондары: + 7(701) 755 59 35
+ 7(777) 492 44 05
Электрондық почта: astana22astana@mail.ru





«Жұлдыз болғың келсе…»
Республикалық балалар мен жасөспірімдер
арасындағы ән байқауына



ӨТІНІШ БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты –жөні: (топтың аты)
Жасы:

Қайдан ( обл,қала,
ауданы, ауылы):
Мектеп:

Жанры:

Орындайтын
шығармалары:
Шығарманың авторлары
(сөзі, әні)
Қатысушының жетекшісі:

Жетекшінің
тел.номерлері:
эл.поштасы:



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: