«МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰСТАЗДАРЫ– 2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ! » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰСТАЗДАРЫ– 2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!
20
маусым
2022

«МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰСТАЗДАРЫ– 2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!

«МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰСТАЗДАРЫ– 2022»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГТАР ҚАУЫМЫНА!
«Be Clever» Халықаралық дамыту орталығы - еліміздегі барлық білім беру мекемелерінде (балабақша, мектеп, колледж, институт, университет, қосымша білім беру ұйымдары және т.б.) қызмет ететін педагогтар қауымын ынталандырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына өз үлесін қосу және білім саласының озат мамандарын анықтау мақсатында Республикалық «МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰСТАЗДАРЫ – 2022» атты байқауын ұйымдастыруда.
БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ: 1. Байқауға өтініштер 2 бағыт бойынша қабылданады.
1-ші бағытта:
- «Ұлағатты ұстаз»;
- «Данышпан ұстаз»;
- «Үздік ұстаз төсбелгілері сарапқа салынады.
Аталмыш марапатқа ұсынылатын педагогтің еңбек өтілі 15 жылдан кем болмауы шарт.
Жетістіктер портфолиосына соңғы 5 жылдықтағы жетістіктерді жолдауы тиіс.
2-ші бағытта:
- «Үздік ұстаз;
- «Үздік тәрбиеші»;
- «Үздік педагог-психолог»;
- «Үздік жас педагог»; төсбелгілері сарапқа салынады.
Аталмыш төсбелгіге ұсынылатын педагогтің еңбек өтілі ең кемі 5 жылдан,
- «Үздік жас педагог» төсбелгісі бойынша 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Жетістіктер портфолиосына соңғы 3 жылдықтағы жетістіктерді жолдауы тиіс.
Байқауға қатысу:
- Өз-өзін ұсыну арқылы;
- Қызмет атқаратын мекеме басшылығының ұсынысы арқылы;
- Қоғамдық және мемлекеттік мекемелердің ұсынысы арқылы.
ЕСКЕРТУ: «МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰСТАЗДАРЫ - 2022» байқауына қатысу үшін өтінішті толтырған кезде бағытты және төсбелгі атауын көрсетулеріңіз қажет!
Ұсыныс құжаттарын арнайы құрылған сараптау комиссиясы тексеріп, бағалайды. Сараптау комиссиясының шешімімен үздік деп табылған қатысушылар аталмыш төсбелгілерге лайық деп танылып, қатысушы марапат иегері атанады.
Байқауға қатысу жарнасы – тегін.
Байқау жеңімпаздарының жарнасы – қосымша хабарланады.
ЕСКЕРТУ: байқауға қатысуға ниет білдірген мұғалімдер (тәрбиешілер, оқытушылар, т.б.) құжаттарын (өтініш немесе ұсыныс, қатысушы туралы кесте және жетістіктер портфолиосы)

2022 жылы маусым айының 22 жұлдызына дейін Дамыту орталығының be_clever_2017@mail.ru электронды поштасына жолдауы тиіс және байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған қатысушылар бір реттік жарнапұл жасауға міндеттеледі (жарнапұл көлемі іріктеу кезеңінен кейін, жеңімпаздарға қосымша хабарланады).
Байқау қорытындысы 24 маусым күні жарияланады!

Қосымша ақпараттар үшін байланыс телефоны: +7 705 819 80 96.
Уатсап: +7 705 819 80 96.
Электронды пошта: be_clever_2017@mail.ru.


Өтініш үлгісі.
Өтініш (Толтырылуы міндетті)
«МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰСТАЗДАРЫ – 2022»
«Be Clever» Халықаралық дамыту орталығына

ӨТІНІШ
Мен, __________________________________________________________________, ____________________________________________________________________ қаласы, №__ мектептің (балабақша, колледж, институт, университет) мұғалімі, «Be Clever» Халықаралық дамыту орталығының білім саласы қызметкерлері қауымын ынталандырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына, өз үлесін қосу және білім саласының озат мамандарын анықтау мақсатында ұйымдастырып жатқан Республикалық «МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰСТАЗДАРЫ – 2022» байқауына (бағыт және төсбелгі атауын көрсету қажет) қатысуыма және арнайы құрылған комиссияның назарына мен ұсынған құжаттардың ұсынылуына ықпал жасауыңызды сұраймын!
Өтініш иесі: __________________ (қолы) ____________
Күні: _____________ (өтініш толтырылған күн)
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(Өтініш қатысушының өз қолымен толтырылып, сканерленген нұсқасы жолдануы тиіс)

Кесте (толтырылуы міндетті)
(кесте көлемінің сақталуы міндетті емес)
1 Тегі, Аты, Әкесінің аты толығымен
2 Туған күні, айы, жылы
3 Жұмыс орны
4 Лауызымы
5 Педагогикалық ӛтілі
6 Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді)
7 Біліктілік санаты
8 Индексі көрсетілген толық мекен-жайы
9 Байланыс телефоны (үй, ұялы)
10 Электронды почтасы
11 Жалпы жетістіктер (кестеге тек тізбектеп жазып, сканерленген нұсқасын бӛлек папкаға топтастыру қажет)
12 Жеке тұлғаны растайтың құжат
Жалпы жетістіктер (кестеге тек тізбектеп жазып, сканерленген нұсқасын бөлек папкаға топтастыру қажет). Жетістіктерге соңғы 3 жыл көлеміндегі диплом, сертификат, алғыс хат, грамота, БАҚ және басылым беттерінде жарияланған ғылыми мақалаларды, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдарды жіберуге болады. Портфолио PowerPoint, PDF немесе Word нұсқасында әзірленуі қажет.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: