Білім беру ұйымдарында шектеу іс - шараларын алып тастау туралы » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім беру ұйымдарында шектеу іс - шараларын алып тастау туралы
10
ақпан
2022

Білім беру ұйымдарында шектеу іс - шараларын алып тастау туралы

   Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау  министрлігі


БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ  ДӘРІГЕРІ


Министерство

здравоохранения

Республики Казахстан


ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ

202жылғы 9 ақпандағы № 8 9 февраля 2022 года № 8

 Нұр-Сұлтан қаласы                                                    город Нур-Султан


Білім беру ұйымдарында

шектеу іс - шараларын 

алып тастау туралы



 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 5-тармағына және «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығының 12- тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

1) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін.

2. Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.

3. «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысының 1 және  2-тармқтарының күші жойылды деп саналсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасының 

Бас мемлекеттік 

санитариялық дәрігерінің 

міндетін атқарушы                                          А. Есмағамбетова


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: