Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу ережесі » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №155»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Бухгалтерия
+7(727) 230-97-70
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » » Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу ережесі
25
сентябрь
2024

Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу ережесі

Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасын
ұйымдастыру және өткізу ережесі
Осы ереже 3-4 сыныптар арасында өтетін республикалық «Алтын сақа»
математикалық олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) мақсатын және
міндеттерін, оны өткізудің тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1.1. Олимпиаданы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен облыстық білім беру басқармалары бірлесе
ұйымдастырып өткізеді.
1.2. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні
бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық
ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге
дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды
анықтап, ынталандыру.
1.3. Олимпиаданың кестесі мен өткізу мерзімдерін республикалық
«Дарын» ғылыми-практикалық орталығының келісімі негізінде «Зерделі» ақыл-ой
дамыту мектебі бекітеді.
1.4. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде оффлайн форматта
ұйымдастырылады.
1.5. Егер қатысушы олимпиаданың кез келген кезеңінде ашықтық пен
адалдық сақтамаса, нәтижесі бойынша ол мектеп екі жылға олимпиадаға қатысу
құқығынан айырылады.
1.6. Олимпиада тегін өтеді. Ашықтық сақталып, әділ өткізуге негізделеді.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
2.1. Ұйымдастыру комитеті құқылы:
 Олимпиадаға жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
 Тапсырмалардың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
 Олимпиаданы өткізудің жалпы тәртібін бақылауға;
 Олимпиаданы өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
 Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мүшесі егер осы Ереженің жекелеген
тармақтары бұзылса, кез келген қатысушының Олимпиадаға қатысуын тоқтатуға
құқылы.
2.2. Ұйымдастыру комитеті жауапты:
 Осы Ереже талаптарының сақталуына;
 Осы олимпиаданың мақсаттарының орындалуы мен принциптерінің сақталуына
және барынша адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге;
 Олимпиада тапсырмаларының соңғы слабовидящихн дайындауға;
 Берілген тапсырмалардың ғылыми-әдістемелік деңгейіне.
3. Олимпиадаға қатысушылар
3.1. Олимпиаданың барлық кезеңіне орта білім беру ұйымдарының
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) 3-4-сынып оқушылары қатыса алады.
3.2. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары (3-4 сынып
оқытатын мектептер үшін) мектепішілік кезеңнен кейін 3-сыныптан 2 оқушы, 4-
сыныптан 2 оқушы облыстық кезеңге қатыстырылады.
3.3. Олимпиадаға дәлелді-дәлелсіз себептермен қатыса алмайтын
оқушылардың орны басқа оқушымен алмастырылмайды.
3.4. Оқушы келесі кезеңге өтіп, мектепті ауыстырған жағдайда оқушының
дипломына (егер жүлдегер атанса) алдыңғы сұраныс негізіндегі жетекшісі
жазылады.
3.5. «Зерделі» Олимпиадалық академия мектебінде оқып жүрген оқушылар
мектепішілік кезеңнен келесі аудандық/қалалық кезеңге іріктеу арқылы өтеді.
3.6. Олимпиада кезінде қатысушыларға қатаң тыйым салынады:
 ұялы телефондар, смартфондар, ноутбуктер, ақпарат тасымалдағыштар және т.б.
қолдануға;
 бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, аудиторияда еркін жүріп-тұруға;
 өз бетімен сыныптан шығып кетуге.
4. Олимпиада кезеңдері
4.1. Олимпиада оқу жылы бойынша төрт кезеңде өтеді.
4.2. Олимпиаданың барлық кезеңдегі тапсырмалары мен нұсқаулығын
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі әзірлейді және бекітеді.
4.3. Әр кезең бекітілген кестеге сәйкес барлық облыста бір уақытта өтеді.
4.4. Кезеңдер:
Бірінші кезең – білім беру ұйымдарында (мектепішілік) өтеді. Өткізу уақыты –
октябрь айы. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы мектеп
директорының бұйрығымен құрылады. Мектепішілік кезеңге қатысатын оқушы
санын білім беру ұйымы анықтайды. Ең жоғары ұпай жинаған 3-сыныптан 3
оқушы, 4-сыныптан 3 оқушы аудандық/қалалық кезеңге қатыстырылады.
Түркістан облысы мен Алматы облысы үшін 3-сыныптан 2 оқушы, 4-сыныптан 2
оқушы аудандық/қалалық кезеңге жіберіледі.
Мектепішілік кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады:
 бірінші бөлім - тест жұмысы;
 екінші бөлім - тест жұмысы;
 үшінші бөлім – бос орынды толықтыру. Берілетін уақыт – 60 минут.
Екінші кезең – аудандық/қалалық олимпиада кезеңі. Өткізу уақыты – ноябрь айы.
Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы білім бөлімі басшысының
бұйрығымен құрылады.
Ең жоғары ұпай жинаған 3-сыныптан 5 оқушы, 4-сыныптан 5 оқушы
облыстық кезеңге қатыстырылады.
Аудандық/қалалық кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады:
 бірінші бөлім - тест жұмысы
 екінші бөлім - тест жұмысы
 үшінші бөлім – бос орынды толықтыру. Берілетін уақыт – 60 минут.
Үшінші кезең – облыстық олимпиада кезеңі. Өткізу уақыты – апрель айы. Облыстық
білім басқармасының бұйрығы негізінде өңірлік «Дарын» орталықтары мен
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі бірлесіп өткізеді. Облыстық кезеңде ең жоғары
ұпай жинаған 3-сыныптан 5 оқушы, 4-сыныптан 5 оқушы республикалық кезеңге
жіберіледі.
Облыстық кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады:
 бірінші бөлім - тест жұмысы;
 екінші бөлім – бос орынды толықтыру;
 үшінші бөлім – шешу, дәлелдеу, есептеу. Берілетін уақыт – 90 минут.
Төртінші кезең (қорытынды) – республикалық олимпиада кезеңі. Олимпиаданы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық «Дарын»
ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және «Зерделі» ақыл-ой дамыту
мектебі ұйымдастырып өткізеді. Өткізу уақыты – май айы.
Республикалық кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады:
 бірінші бөлім - тест жұмысы;
 екінші бөлім – бос орынды толықтыру;
 үшінші бөлім – шешу, дәлелдеу, есептеу. Берілетін уақыт – 100 минут.
5. Олимпиаданың қазылар алқасы
5.1. Республикалық олимпиаданың пәндік қазылар алқасы (бұдан әрі -
қазылар алқасы) төраға, хатшы және мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының
саны 5-7 адамнан құралады. Олимпиада қазылар алқасының төрағасы мен құрамын
әр кезеңнің жауапты өкілі анықтайды және бекітеді. Облыстық олимпиада
кезеңінде қазылар алқасының құрамына «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің
өкілдері қатысып, оқушының жұмысын тексеруде жетекшілік етеді.
5.2. Олимпиаданың қазылар алқасы:
1) Оқушының орындаған жұмысына әділ баға беруді жүзеге асырады;
2) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды
тексереді және бағалайды;
3) олимпиадаға қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келіспеушілікті
талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
4) жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды беру үшін ұйымдастыру
комитетіне ұсыныс береді;
5) олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды
және үйлестіруді жүргізеді.

6. Марапаттау
6.1. Ұпай бойынша жүлдегерді анықтау қазылар алқасының шешімі
негізінде жүзеге асады:
І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдардың саны келесі пропорция негізінде белгіленеді:
қатысушылардың жалпы санының 21%-дан аспайтыны ІІІ дәрежелі дипломдармен,
15%-дан аспайтыны ІІ дәрежелі; 9%-дан аспайтыны І дәрежелі дипломдармен,
10%-дан аспайтыны грамотамен марапатталады.
6.2. Олимпиаданың ашылуы, қорытындысын шығару және
қатысушыларды марапаттау салтанатты және мерекелік жағдайда өтеді.
6.3. Мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық олимпиадалардың
жүлдегерлері тиісті білім беру органдарының бірінші, екінші, үшінші дәрежелі
дипломдарымен, грамоталарымен және егер мүмкіндік болған жағдайда
сыйлықтарымен марапатталады.
6.4. Облыстық кезең аяқталған соң Ұйымдастырушы тараптан, командалық
есеп бойынша аудандар арасында рейтинг жасалады. Оның қорытындысы негізінде
бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орынмен аудандық білім бөлімдері марапатталып, бағалы
сыйлықтар табысталады.
6.5. Республикалық кезең аяқталған соң Ұйымдастырушы тараптан,
командалық есеп бойынша облыстар арасында рейтинг жасалады. Оның
қорытындысы негізінде бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орынмен өңірлік «Дарын» орталықтары
марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталады.
7. Қорытынды
Олимпиада нәтижелерін 3 жұмыс күні ішінде әр кезеңнің жауапты органдары
ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде жариялайды.


Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасын
ұйымдастыру және өткізу ережесі
Осы ереже 5-6-сыныптар арасында өтетін республикалық «Алтын сақа»
математикалық олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) мақсатын және
міндеттерін, оны өткізудің тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1.1. Олимпиаданы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен облыстық білім беру басқармалары бірлесе
ұйымдастырып өткізеді.
1.2. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні
бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық
ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге
дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды
анықтап, ынталандыру.
1.3. Олимпиаданың кестесі мен өткізу мерзімдерін республикалық
«Дарын» ғылыми-практикалық орталығының келісімі негізінде «Зерделі» ақыл-ой
дамыту мектебі бекітеді.
1.4. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде оффлайн форматта
ұйымдастырылады.
1.5. Егер қатысушы олимпиаданың кез келген кезеңінде ашықтық пен
адалдық сақтамаса, нәтижесі бойынша ол мектеп екі жылға олимпиадаға қатысу
құқығынан айырылады.
1.6. Олимпиада тегін өтеді. Ашықтық сақталып, әділ өткізуге негізделеді.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
2.1. Ұйымдастыру комитеті құқылы:
 Олимпиадаға жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
 Тапсырмалардың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
 Олимпиаданы өткізудің жалпы тәртібін бақылауға;
 Олимпиаданы өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
 Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мүшесі егер осы Ереженің жекелеген
тармақтары бұзылса, кез келген қатысушының Олимпиадаға қатысуын тоқтатуға
құқылы.
2.2. Ұйымдастыру комитеті жауапты:
 Осы Ереже талаптарының сақталуына;
 Осы олимпиаданың мақсаттарының орындалуы мен принциптерінің сақталуына
және барынша адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге;
 Олимпиада тапсырмаларының соңғы слабовидящихн дайындауға;
 Берілген тапсырмалардың ғылыми-әдістемелік деңгейіне.
3. Олимпиадаға қатысушылар
3.1. Олимпиаданың барлық кезеңіне орта білім беру ұйымдарының
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) 5-6-сынып оқушылары қатыса алады.
3.2. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары (5-6-сынып
оқытатын мектептер үшін) мектепішілік кезеңнен кейін 5-сыныптан 2 оқушы, 6-
сыныптан 2 оқушы облыстық кезеңге қатыстырылады.
3.3. Олимпиадаға дәлелді-дәлелсіз себептермен қатыса алмайтын
оқушылардың орны басқа оқушымен алмастырылмайды.
3.4. Оқушы келесі кезеңге өтіп, мектепті ауыстырған жағдайда оқушының
дипломына (егер жүлдегер атанса) алдыңғы сұраныс негізіндегі жетекшісі
жазылады.
3.5. «Зерделі» Олимпиадалық академия мектебінде оқып жүрген оқушылар
мектепішілік кезеңнен келесі аудандық/қалалық кезеңге іріктеу арқылы өтеді.
3.6. Олимпиада кезінде қатысушыларға қатаң тыйым салынады:
 ұялы телефондар, смартфондар, ноутбуктер, ақпарат тасымалдағыштар және т.б.
қолдануға;
 бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, аудиторияда еркін жүріп-тұруға;
 өз бетімен сыныптан шығып кетуге.
4. Олимпиада кезеңдері
4.1. Олимпиада оқу жылы бойынша төрт кезеңде өтеді.
4.2. Олимпиаданың барлық кезеңдегі тапсырмалары мен нұсқаулығын
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі әзірлейді және бекітеді.
4.3. Әр кезең бекітілген кестеге сәйкес барлық облыста бір уақытта өтеді.
4.4. Кезеңдер:
Бірінші кезең – білім беру ұйымдарында (мектепішілік) өтеді. Өткізу уақыты –
октябрь айы. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы мектеп
директорының бұйрығымен құрылады. Мектепішілік кезеңге қатысатын оқушы
санын білім беру ұйымы анықтайды. Ең жоғары ұпай жинаған 5-сыныптан 3
оқушы, 6-сыныптан 3 оқушы аудандық/қалалық кезеңге қатыстырылады.
Түркістан облысы мен Алматы облысы үшін 5-сыныптан 2 оқушы, 6-сыныптан 2
оқушы аудандық/қалалық кезеңге жіберіледі.
Мектепішілік кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады:
 бірінші бөлім - тест жұмысы;
 екінші бөлім - тест жұмысы;
 үшінші бөлім – бос орынды толықтыру. Берілетін уақыт – 60 минут.
Екінші кезең – аудандық/қалалық олимпиада кезеңі. Өткізу уақыты – ноябрь
айы. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы білім бөлімі
басшысының бұйрығымен құрылады.
Ең жоғары ұпай жинаған 5-сыныптан 5 оқушы, 6-сыныптан 5 оқушы
облыстық кезеңге қатыстырылады.
Аудандық/қалалық кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады:
 бірінші бөлім - тест жұмысы
 екінші бөлім - тест жұмысы
 үшінші бөлім – бос орынды толықтыру. Берілетін уақыт – 60 минут.
Үшінші кезең – облыстық олимпиада кезеңі. Өткізу уақыты – апрель айы. Облыстық
білім басқармасының бұйрығы негізінде өңірлік «Дарын» орталықтары мен
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі бірлесіп өткізеді. Облыстық кезеңде ең жоғары
ұпай жинаған 5-сыныптан 5 оқушы, 6-сыныптан 5 оқушы республикалық кезеңге
жіберіледі.
Облыстық кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады:
 бірінші бөлім - тест жұмысы;
 екінші бөлім – бос орынды толықтыру;
 үшінші бөлім – шешу, дәлелдеу, есептеу. Берілетін уақыт – 90 минут.
Төртінші кезең (қорытынды) – республикалық олимпиада кезеңі. Олимпиаданы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық «Дарын»
ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және «Зерделі» ақыл-ой дамыту
мектебі ұйымдастырып өткізеді. Өткізу уақыты – май айы.
Республикалық кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады:
 бірінші бөлім - тест жұмысы;
 екінші бөлім – бос орынды толықтыру;
 үшінші бөлім – шешу, дәлелдеу, есептеу. Берілетін уақыт – 100 минут.
5. Олимпиаданың қазылар алқасы
5.1. Республикалық олимпиаданың пәндік қазылар алқасы (бұдан әрі -
қазылар алқасы) төраға, хатшы және мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының
саны 5-7 адамнан құралады. Олимпиада қазылар алқасының төрағасы мен құрамын
әр кезеңнің жауапты өкілі анықтайды және бекітеді. Облыстық олимпиада
кезеңінде қазылар алқасының құрамына «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің
өкілдері қатысып, оқушының жұмысын тексеруде жетекшілік етеді.
5.2. Олимпиаданың қазылар алқасы:
1) Оқушының орындаған жұмысына әділ баға беруді жүзеге асырады;
2) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды
тексереді және бағалайды;
3) олимпиадаға қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келіспеушілікті
талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
4) жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды беру үшін ұйымдастыру
комитетіне ұсыныс береді;
5) олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды
және үйлестіруді жүргізеді.

6. Марапаттау
6.1. Ұпай бойынша жүлдегерді анықтау қазылар алқасының шешімі
негізінде жүзеге асады:
І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдардың саны келесі пропорция негізінде белгіленеді:
қатысушылардың жалпы санының 21%-дан аспайтыны ІІІ дәрежелі дипломдармен,
15%-дан аспайтыны ІІ дәрежелі; 9%-дан аспайтыны І дәрежелі дипломдармен,
10%-дан аспайтыны грамотамен марапатталады.
6.2. Олимпиаданың ашылуы, қорытындысын шығару және
қатысушыларды марапаттау салтанатты және мерекелік жағдайда өтеді.
6.3. Мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық олимпиадалардың
жүлдегерлері тиісті білім беру органдарының бірінші, екінші, үшінші дәрежелі
дипломдарымен, грамоталарымен және егер мүмкіндік болған жағдайда
сыйлықтарымен марапатталады.
6.4. Облыстық кезең аяқталған соң Ұйымдастырушы тараптан, командалық
есеп бойынша аудандар арасында рейтинг жасалады. Оның қорытындысы негізінде
бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орынмен аудандық білім бөлімдері марапатталып, бағалы
сыйлықтар табысталады.
6.5. Республикалық кезең аяқталған соң Ұйымдастырушы тараптан,
командалық есеп бойынша облыстар арасында рейтинг жасалады. Оның
қорытындысы негізінде бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орынмен өңірлік «Дарын» орталықтары
марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталады.
7. Қорытынды
Олимпиада нәтижелерін 3 жұмыс күні ішінде әр кезеңнің жауапты органдары
ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде жариялайды.


Положение об организации и проведении республиканской
математической олимпиады «Алтын сақа»
(для 3-4 классов)
Данное Положение определяет цели и задачи, порядок и организацию
проведения математической олимпиады «Алтын сақа» (далее - Олимпиада),
проводимой среди 3-4 классов.
1. Общие положения
1.1. Олимпиада проводится при поддержке Республиканского научнопрактического центра «Дарын» Министерства просвещения Республики
Казахстан «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» совместно с областными
управлениями образования.
1.2. Основными целями и задачами олимпиады являются: формировать интерес
учащихся к предмету математика, приобщить к науке, научить анализировать
математические понятия, критически мыслить, решать сложные задачи,
формировать олимпийский резерв, выявлять и мотивировать способных детей.
1.3. График и даты проведения олимпиады согласовываются с Республиканским
научно-практическим центром «Дарын» и утверждаются товариществом
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі».
1.4. Олимпиада проводится в офлайн-формате на государственном и русском
языках.
1.5. При несоблюдении участниками принципов открытости и честности на
каждом этапе, то по результатам организатор лишает школу права участвовать в
Олимпиаде на два года.
1.6. Олимпиа

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: