Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың НАЗАРЫНА: » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №155»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Бухгалтерия
+7(727) 230-97-70
Версия для
слабовидящих
» » » Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың НАЗАРЫНА:
21
февраль
2022

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың НАЗАРЫНА:

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың НАЗАРЫНА:

🙋🏻‍♀️Құрметті достар!

💁🏻‍♀️Бүгін біз Сіздердің әлеуметтік желілерде ең жиі қойылатын сұрақтарыңызға жауап беретін боламыз.

✅Информацияты сақтауды немесе ЕНТ тапсыратын досыңызға жіберуді ұмытпаңыздар.

❓Январь айындағы ЕНТ-да тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін нәтижесі жойылған тестіленушілер июнь айындағы ЕНТ-ға қатыса ала ма?
📝Жауап: Мысалы, январь айындағы ЕНТ-да тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттар анықталып немесе тестілеудің өту кезінде ереже бұзған жағдайда, түсушінің осы ЕНТ нәтижесі жойылады. Алайда ол ағымдағы жылы өтетін басқа да тестілеулерге (март, июнь, август) жіберіледі.
❓Мен ЕНТ-ға тіркелу бағдарламасында шет тілін меңгергенімді растайтын халықаралық сертификаттын барын (IELTS, TOEFL) көрсеттім. Алайда ЕНТ сертификатында шет тілінен балл көрсетілмеді. Маған 45 балл неге қосылмады?
📝Жауап: Бұл жағдайда шет тілі бойынша балл ЕНТ сертификатында көрсетілмейді. Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығын республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына өтініш берген немесе ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде ЖОО тексереді.
❓SAT, ACT, IB балдарын ЕНТ балдарына қалай ауыстыруға болады?
📝Жауап: SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар июнь айындағы ЕНТ-ға өтініштер қабылдау базасына сертификаттардың көшірмелерін енгізуі және өтініш беруі қажет. Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖОО-ның қабылдау комиссиялары тексереді.
❓ЕНТ-ның электронды сертификатын қайдан аламыз?
📝Жауап: ЕНТ нәтижелері тестілеу аяқталғанннан кейін app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің Жеке кабинетіндегі «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді.
❓ЕНТ-ға қатысуға 1-2 күн қалғанда жеке куәлігімді жоғалтып алдым. Енді тестілеуге қалай кіремін?
📝Жауап: Тестілеуге eGov.kz электронды үкімет порталындағы жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық баламасын жүктеп, басып шығарылған слабовидящихмен кіруге болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: