О ЕНТ » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
мамыр
2022

О ЕНТ







Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Мектепке дейінгі және орта білім комитеті


2022 жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - ҰБТ) өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының https://app.testcenter.kz сайты арқылы онлайн режимде қабылдануда.
Бітіруші ҰБТ-ға өтініш беру барысында деректері Ұлттық білім беру деректер қорынан (бұдан әрі - ҰБДҚ) жүктелетінін атап өтеміз. Осы тұста, өтініштерді қабылдау кезінде кейбір бітірушілердің деректері ҰБДҚ-мен сәйкес келмейтін мәселелері туындап жатқанын мәлімдейміз.
Сонымен қатар, білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш беру кезінде бітірушілердің деректері ҰБДҚ деректер базасымен сәйкестендірілетінін атап өтеміз.
Осыған байланысты, әр білім беру ұйымы өз оқушыларының деректерін ҰБДҚ-да тексеру, атап айтқанда: бітірушінің ЖСН-ын тексеру, ағымдағы жылғы мектеп бітіруші екенін тексеру, өз мектебінен басқа мектепке ауысқан бітірушінің мәртебесін өзгерте отырып оқудан шығару, сонымен қатар, «Алтын белгі» белгісінің иегерлері, «Дарын» халықаралық және республикалық олимпиадаларының жүлдегерлері мен басым құқық иегерлері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ, бітірушінің аттестатындағы бағалары туралы мәліметтерді, әлеуметтік мәртебелерді енгізу бойынша ҰБДҚ-да тиісті жұмыстарды уақытында жүргізуіне Білім басқармаларына тапсырма беруіңізді сұраймыз.


Директор
Р. Емелбаев



Орынд.: С.Н. Оразова
тел.: 69-52-87

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: