Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың НАЗАРЫНА: » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың НАЗАРЫНА:
21
ақпан
2022

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың НАЗАРЫНА:

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың НАЗАРЫНА:

🙋🏻‍♀️Құрметті достар!

💁🏻‍♀️Бүгін біз Сіздердің әлеуметтік желілерде ең жиі қойылатын сұрақтарыңызға жауап беретін боламыз.

✅Ақпаратты сақтауды немесе ҰБТ тапсыратын досыңызға жіберуді ұмытпаңыздар.

❓Қаңтар айындағы ҰБТ-да тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін нәтижесі жойылған тестіленушілер маусым айындағы ҰБТ-ға қатыса ала ма?
📝Жауап: Мысалы, қаңтар айындағы ҰБТ-да тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттар анықталып немесе тестілеудің өту кезінде ереже бұзған жағдайда, түсушінің осы ҰБТ нәтижесі жойылады. Алайда ол ағымдағы жылы өтетін басқа да тестілеулерге (наурыз, маусым, тамыз) жіберіледі.
❓Мен ҰБТ-ға тіркелу бағдарламасында шет тілін меңгергенімді растайтын халықаралық сертификаттын барын (IELTS, TOEFL) көрсеттім. Алайда ҰБТ сертификатында шет тілінен балл көрсетілмеді. Маған 45 балл неге қосылмады?
📝Жауап: Бұл жағдайда шет тілі бойынша балл ҰБТ сертификатында көрсетілмейді. Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығын республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына өтініш берген немесе ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде ЖОО тексереді.
❓SAT, ACT, IB балдарын ҰБТ балдарына қалай ауыстыруға болады?
📝Жауап: SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар маусым айындағы ҰБТ-ға өтініштер қабылдау базасына сертификаттардың көшірмелерін енгізуі және өтініш беруі қажет. Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖОО-ның қабылдау комиссиялары тексереді.
❓ҰБТ-ның электронды сертификатын қайдан аламыз?
📝Жауап: ҰБТ нәтижелері тестілеу аяқталғанннан кейін app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің Жеке кабинетіндегі «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді.
❓ҰБТ-ға қатысуға 1-2 күн қалғанда жеке куәлігімді жоғалтып алдым. Енді тестілеуге қалай кіремін?
📝Жауап: Тестілеуге eGov.kz электронды үкімет порталындағы жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық баламасын жүктеп, басып шығарылған нұсқасымен кіруге болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: