05.03.2021-ғы № 15-10-7-2-323 шығыс хаты 05.03.2021-ғы № 1611 кіріс хаты » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 05.03.2021-ғы № 15-10-7-2-323 шығыс хаты 05.03.2021-ғы № 1611 кіріс хаты
11
наурыз
2021

05.03.2021-ғы № 15-10-7-2-323 шығыс хаты 05.03.2021-ғы № 1611 кіріс хаты

05.03.2021-ғы № 15-10-7-2-323 шығыс хаты
05.03.2021-ғы № 1611 кіріс хаты





Облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы жəне Шымкент
қалаларының білім
басқармаларына


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығына ата-аналар мен оқушылар тарапынан көптеген шағымдар түсуде. Ата-аналар мен оқушылардың айтуы бойынша мектептердің басшылығы қаңтар айында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) нәтижесінде жинаған балл сәйкестендіріліп, қорытынды аттестаттауға есептеледі және аттестатқа қойылады деген жалған ақпарат таратуда. Сонымен қатар, мектеп тарапынан кейбір оқушыларға ҰБТ тапсыруына тыйым салынып, қысым көрсетілуде және ҰБТ таңдау пәндерінің бағасы аттестатта болмаса жоғары оқу орнына түсу мүмкін емес деген қате кеңес берілуде.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 1-бабының 56)-тармақшасына сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеу жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны болып табылады.
Осыған орай ҰБТ нәтижесі қорытынды аттестаттауға жатпайтынын, «Алтын белгі» белгісіне және аттестатқа қойылатын бағаларға әсер етпейтінін хабарлаймыз.
Сондай-ақ әр түлек ҰБТ-ға қатысуға құқылы екенін атап өтеміз.
Аталған ақпаратты мектеп басшыларының, мұғалімдердің, ата-аналардың және мектеп түлектерінің назарына жеткізуді сұраймыз.


Директор Д.Н. Смагулов





Орынд.: Э.М. Полатова
Тел.: 8 (7172) 69-50-71

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: