«Біз бақытты баламыз!»ЕРЕЖЕСІ » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біз бақытты баламыз!»ЕРЕЖЕСІ
24
қаңтар
2022

«Біз бақытты баламыз!»ЕРЕЖЕСІ

«Балдәурен-2022»
20 қаңтар мен 11 ақпан аралығында өтеді / өтініш қабылдау 11 ақпанға дейін/ Байланыс телефондары:+ 7 771 420 42 88
+7 708 181 75 52
E.mail – baldauren-8@mail.ru инстаграмм: baldauren888
«Біз бақытты баламыз!»
Мемлекет басшысы биылғы жыл «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай ұйымдастырылып жатқан ұстаздар және талантты өнерпаздар арасындағы шығармашылық байқаудың
ЕРЕЖЕСІ
Байқау 2022 жылдың 20 қаңтары мен 11 ақпаны аралығында қашықтан /онлайн/ өтеді.
Байқаудың шарты:
Жанрлары:Вокал, вокалдық топ, хор (академиялық, эстрадалық, халықтық);дәстүрлі ән; аспапта ойнау (барлық түрі);ансамблдер; жас композитор; хореография (топтық, жеке би); көркемсөз;ақындық өнер; шығарма;сахналық көрініс; сән үлгісі; бейнелеу өнері;қолөнер; әзіл-сықақ; фото өнер;цирк өнері; бейнеролик.
Қатысушылардың жас ерекшелігі:
- Бүлдіршін топ/5-7 жас аралығы/;
- Кіші топ/8-10 жас аралығы/;
- Орта топ /11-13 жас аралығы/;
- Жасөспірім топ /14-16 жас аралығы/;
- Жоғарғы топ/17-20 жас аралығы/;
- Ересек топ/жасына шектеу жоқ/.
Барлық жанр бойынша қатысушылар еркін тақырыпта бір шығарма орындайды, уақыты 3-3,5 минуттан. Бейнелеу, қолөнер, сән үлгісі, фото өнер бойынша бір жұмыстан ұсынуға болады, сахналық көрініс, әзіл-сықақ 5 минуттан аспауы тиіс.
Өтініш, сауалнама және видео жұмыстарын жарна төлегеннен кейін түбіртекпен бірге +7 771 420 42 88 WhatsAppнөміріне жіберуіңізді сұраймыз.





Қазылар алқасының құрамында өнер қайраткерлері, ақын, композитор, белгілі педагогтар болады. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды. Байқаудың жүлдегерлері анықталғаннан кейін әр жанр бойынша марапаттаулар тағайындалып,Қазпошта арқылы өтініште көрсетілген мекенжайға жіберіледі.
Жүлде:
Бас жүлде – диплом және медаль, жетекшісіне «Үздік жетекші» атағы, диплом және медаль;
І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлеріне – диплом және медаль;
Топтық қатысушылар үшін топтың атына диплом және медаль, әрбір қатысушыға жеке «Диплом» ғана беріледі;
Жетекші ұстаздарға «Алғыс хат» беріледі.
Қатысу жарнасы:
Жеке орындаушыларға – 3 000 теңге;
Дуэт, трио, квартет, топ – 4 000 теңге /төрт адамнан асқан жағдайда әр адамға/- 2 000 теңгеден;
Төлем жасау үшін: Каспий голд картасы 5169 4971 9404 1830 /+7 771 420 42 88 номеріне тіркелген/ Азиза Е;
Төлем 2022 жылғы ақпан айының 11-не дейін қабылданады.
Байқау нәтижесі: 2022 жылғы 13 ақпанда дайын болып baldauren888 инстаграмм парақшасына жарияланады. 2022 жылдың
14 ақпанынан бастап Қазпошта арқылы жөнелтіледі.
Бізбен байланыс: + 7 771 420 42 88; +7 708 181 75 52

БАРЛЫҒЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
Өтініш толтыру кестесі /үлгі/:

Қатысушының (топтың) аты-жөні: Шәмен Махамбет Мұқтарұлы
Жасы: 10 жас
Қаласы, мекенжайы, индексімен: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Түрксіб селосы, А.Құнанбаев көшесі, 25 үй
Инд.:080000
Жанры: «Эстрадалық вокал»
Шығарманың атауы, авторы: «Қазақстан»
Қатысушының жетекшісінің аты-жөні, телефон нөмірі: Асылбекова Айсұлу
+7 700 000 00 00
Ескерту:Қатысушының аты-жөні, жасы, қаласы /тұрғылықты жері/, көшесі және индекс номері толықтай жіберілуі тиіс.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: