Өрт және пиротехника каупсіздігі. Пожарная безопасность.Пиротехника » КГУ "Общеобразовательная школа №155"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№155 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 230-98-96
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-97-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өрт және пиротехника каупсіздігі. Пожарная безопасность.Пиротехника
26
желтоқсан
2023

Өрт және пиротехника каупсіздігі. Пожарная безопасность.Пиротехника

тшашу бұйымдарды арнайы орындарда пайдаланыңыз 

Ең бастысы-дұрыс орын таңдау және отшашуды қауіпсіз іске қосу үшін ауа-райын ескеру қажет. Алаң ауданы  шөп үйінділерінен, ғимараттардан, үйлерден 50х50 метрден кем болмауы тиіс, сонымен қатар   тез жанғыш және өртке бейім заттар болмау қажет.                Пиротехниканы тек  ересек адамдар іске қосуы тиіс.                                                                                                            Ешбір жағдайда балалар қараусыз қалып, отшашуды ересексіз  пайдалануына жол бермеңіз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
⚠️Абайлаңыз, пиротехника!

📦Пиротехниканы сатып алғанда, жарамдылық мерзімі мен орамасын тексеріңіз. 

🛒Пиротехниканы тек мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыз. Оны үйде көп мөлшерде сақтауға тыйым салынады.

Пиротехниканы пайдалану кезінде тыйым салынады:

⛔Пиротехниканы жабық үй-жайларда, пәтерлерде пайдалануға, балкондар мен лоджиялардан іске қосуға;
⛔Ылғал пиротехникалық бұйымдарды жылыту құрылғыларында және ашық оттың жанында кептіруге;
⛔Өнімдерді қолда ұстап тұрып іске қосуға және олар жанып біткен соң 5 минуттан ерте жақындауға;
⛔Тұтану кезінде фитильді бетке жақын ұстауға;
⛔Қатты желде қолдануға;
⛔Отшашуды адамдарға, жануарларға, көліктерге бағыттауға.

❗️Пиротехниканы ересектер іске қосуы керек. Ешбір жағдайда балаларға сеніп тапсырмаңыз!



⚠️Осторожно! Пиротехника!

📦При покупке пиротехники обязательно проверьте срок годности и состояние упаковки. 

🛒Приобретайте пиротехнику только в специализированных магазинах. Хранить пиротехнику дома в больших количествах запрещено.

При использовании пиротехники запрещается:

⛔️Использовать пиротехнические изделия в закрытых помещениях, квартирах, запускать фейерверки с балконов и лоджий;
⛔️Сушить намокшие пиротехнические изделия на отопительных приборах и возле открытого огня;
⛔️Запускать изделия с рук и подходить к ним ранее, чем через 5 минут после прекращения их работы;
⛔️Держать фитиль во время зажигания около лица;
⛔️Использовать пиротехнику при сильном ветре;
⛔️Направлять фейерверки на людей, животных, автомобили.

❗️Запускать пиротехнику должны взрослые. Ни в коем случае не доверяйте запуск детям!

Жаңа жылдық шырша өрттің себебі болмауы үшін мына ережелерді сақтау керек: 

✔️Өрттен қорғанышы бар шыршаларды таңдаңыз;
✔Шырша жылыту аспаптарынан алыс, тұрақты тұғырға орнатылады;
✔Тек зауытта жасалған жұмыс істейтін электр гирляндаларын пайдаланыңыз;
✔Шыршаны тез тұтанатын материалдармен безендіруге тыйым салынады;
✔Түнде, бөлмеден шыққанда гирляндаларды өшіріңіз.

Шыршадағы электр гирляндасы өртенсе не істеу керек?

✔Гирлянданы өшіріп, ең алдымен жалын жоғарыға көтерілмеуі үшін ағашты еденге құлатып, тығыз шүберекпен жабыңыз. Ешқашан сумен сөндірмеңіз, жалынды құммен немесе өрт сөндіргішті қолданып сөндіріңіз.


Чтобы новогодняя елка не стала причиной пожара, нужно соблюдать следующие правила: 

✔️Отдайте предпочтение елкам, имеющим противопожарную пропитку;

✔️Ёлка устанавливается на устойчивой подставке, подальше от отопительных приборов;
✔️Используйте только исправные электрические гирлянды заводского изготовления;
✔️Запрещается: украшать елку легковоспламеняемыми материалами;
✔️Выключайте гирлянды на ночь и покидая помещение.

Что делать, если на елке загорелась электрогирлянда?

✔️Обесточьте гирлянду. Первым делом повалите елку на пол, чтобы пламя не поднималось вверх, и накройте плотной тканью. Ни в коем случае не применяйте воду, засыпьте пламя песком или примените огнетушитель.
Құтқарушылар пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған дүкендерде сатып алу керектігін еске салды. Бұл ретте, бұйым қаптамасының мыжылмаған немесе деформацияланбағанына, сондай-ақ жарамдылық мерзіміне назар аудару қажеттігін ескертті. Пиротехникалық құралдарды құрғақ орында, жылу көздерінен алыс жерде сақтау керек.

Пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздік нұсқауларын орындау маңызды, атап айтқанда:

- балалардың өз бетімен ракеталар мен петардаларды қосуына жол бермеңіз;

- қауіпті аймақ (50 метр) радиусында пиротехниканы қосуға кедергі болатын ештеңе жоғына көз жеткізіңіз; 

- пиротехниканы тұтату кезінде ешқашан қораптың үстіне еңкеймеңіз;

- фитильді тұтату кезінде қол созым аралығындай орын қалдырыңыз;

- өнімді қатты жел кезінде қоспаңыз;

- пиротехниканы егер ол іске қосылмаған болса, қайта қосуға тырыспаңыз; 

- ракеталар мен фейерверктерді адамдар мен жануарларға қаратпаңыз, хлопушкаларды аяқ астына тастамаңыз;

- фейерверктерді қосу алаңы мен тұрғын үйлерге дейінгі ең аз қашықтық 50 метр болуы керек. Алаңда ағаштар, электр желілері және басқа да кедергілер болмауы керек, бұл отшашулар бағытын өзгерте алады.

Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі мақсатында жаңа жылдық шырша мен әшекейлерін орнату кезінде ағаштарды тұрақты негізге орнату және үй-жайлардан шығатын жолдардың ашық болуы ұсынылады. Сонымен қатар, мына шараларды ескеру қажет:

- шырша бұтақтары қабырғалар мен төбеден кемінде 1 метр қашықтықта орналасуы керек;

- жарық гирляндтарын қосу алдында ұзақ уақыт пайдалану кезінде ылғалға төзімділігін анықтай отырып, электр желісінің қуат жүктемелерінің нақты есебін жасау қажет;

- егер жарықтандыру кезінде ақау анықталса (сымдардың қызуы, ұшқын шығуы), ол дереу токтан ажыратылуы тиіс.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда (корпоративтік кештер және т.б.) жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:

- кем дегенде екі авариялық шығумен қамтамасыз етілген үй-жайлар ғана пайдаланылады, шығу жолдары өз кезегінде үнемі ашық болуы;

- іс-шаралар өткізілетін үй-жайлар бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі;

- іс-шаралар кезінде сахна және залдарда өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың кезекшілікте болуы;

- кезекшілер өрт қауіпсіздігі бойынша оқытудан өтуі тиіс.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: